қабырғаларындағы кутикуласы қалындап, ізбест сіңген шеті үшкірленген үш
күшті шайнағыш тақталарына айналған. Солар арқылы ас үгітіледі. Ал
пилорикалық бөліміндегі жіңішке кутикулярлы өскіндер ұсақталған қоректік
заттарды нығыздап (престеп) және сүзіп келесі ортаңғы ішекке шығарады.
Ортаңғы ішегі түтік тәрізді, оның екі жақ бүйірінде төмпешіктері
немесе өсінділері болады. Осы өсінділерден ас қорыту ферменттері бөлініп,
сұйық ас ботқасы қорытылады. Бұларды бауыр қосалқысы деп те атайды.
Олар түрлі дәрежеде тарамдалған немесе ұзын түтікті қапшық түрінде
болады (Amphipoda және Isopoda отрядтарында).
Өзен шаянының екі
қалқанды бауыры әрбір жақтан ортаңғы ішекке ашылатын,
бір өзекке
құйылатын көптеген ұсақ түтікшелерінен құралған. Бауыр сөлі ортаңғы
ішектен шайнағыш қарынға барады. Шаяңдардың бауыр секреті органикалық
заттарды: май, белок, көмірсуларды ыдыратады.
Безді қызметінен басқа,
шаяндардың бауыры фагоцитозға да қабілетті, яғни бауыр клеткалары ұсақ
қоректік заттарды қармап алып клетка ішінде қорытады. Бауыр қосалқысы
мен ортаңғы ішектің
арасындағы корреляцияны, яғни өзара байланысты,
тіпті тәуелділікті байқауға болады. Неғұрлым
бауыр қосалқысы нашар
дамыса, солғұрлым ортаңғы ішек ұзынырақ болады және керісінше. Мысалы,
өзен шаянының ортаңғы ішегі, бүкіл ішектің 1/20 бөлігін ғана құрайды.
Ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасады, ол түзу түтік тәрізді, аналь тесігімен
аяқталады (100, Б-сурет). Кейбір паразиттік
тіршілік ететін шаяндарда,
мысалы, Sacculina-ның ішегі толығымен жойылған.
Шаянтәрізділер әр түрлі ұсақ организмдермен және өсімдіктер мен
жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді.
Шаянтәрізділердің
Достарыңызбен бөлісу: