Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет166/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Қан айналу жүйесі 
ашық типті. Гемолимфа қан тамырларының ішінде 
қозғалып, кейін арнайы қабырғалармен шектелмеген дене қуысының 
бөлімдері - синустарға құйылады.
Аса қарапайым формаларында жүрегінің құрылысы метамерлі: ол - 
әрбір сегментінде жұп остиясы бар бүкіл дененің арқа жағымен ұзына бойы 
созылатын түтік (кейбір желбезекаяқтыларда). Бірақ Cladocera-да (Phyllopoda 
отряды) жүректің қанды араластыруға ғана қабілеті бар, бір жұп остиясы бар, 
қапшық деңгейіне дейін қысқаруы байқалады. Жоғарғы сатыдағы шаяндарда 
да ұзын түтікті жүрегі бар формалары болады (Amphipoda және ауызаяқты 
шаяндар - Stomatopoda отряды). Онаяқтылардың (Decapoda отряды), мысалы 
өзен шаянының, үш жұп остиясы бар қысқа жүрегі болады.
Қан айналу жүйесі тыныс алу мүшелерінің даму деңгейімен белгілі 
дәрежеде байланыста. Егер, желбезек қызметін кеуде аяқтарының 
эпиподиттері атқарса, онда жүрек түгелімен кеудеде жатады, ал тыныс алуға 
құрсақ аяқтарының эпиподиттері жұмсалса, жүрек құрсақта орналасады.
Жүректің алдыңғы, ал кейде артқы шетінен де алдыңғы және артқы 
аорталар деп аталатын ірі қан тамырлары басталады. Қан айналудың 
тәсілдері алуан түрлі. Солардан өзен шаянының қан айналу жүйесін 
қарастырайық. (103-сурет). Перикардия қуысындағы жүректен бірнеше ірі 
қан тамырлары тарайды: алдыңғы аорта (қолқа); антеннальды артериялар
жоғарғы және төменгі құрсақ артериялары; нерв асты артериясы. Осы қан 
тамырлары тарамдалып, кейін үзіледі де, ішіндегі гемолимфа сұйықтығы 
миксоцель қуысына құйылып ішкі мүшелерінің арасымен өтіп, оттегін 
таратады. Дене қуысынан веналық қан (көмірқышқыл газына бай) венозды 
қан тамырлары арқылы желбезектерге барады, сол жерде гемолимфа оттегіне 
қанығады да, желбезек - жүрек қан тамырлары арқылы перикардийге, одан 
әрі остий арқылы жүрекке құйылады.
103-сурет.
 
Өзен шаянының қан айналу жүйесі: 1 - жүрек, 2 - остия, 3 - перикардия, 4 - көз 
артериясы, 5 - антеннальды артерия, 6 - құрсақ вена синусы, 7 - желбезек қан тамырлары, 


8 - кеуде артериясы, 9 - жоғарғы құрсақ артериясы, 10 - жүрек қан тамырлары
Көп жағдайда шаянтәрізділердің гемолимфасы түссіз, бірақ кейбір 
кезде плазмада ерітілген гемоглобиннің әсерінен қызыл түске боялған. 
Кейбір онаяқты шаяндардың (крабтардың біразы) гемолимфасы көгілдір 
немесе ауа тигенде көкке боялады, ол құрамында мыс және оттегінің 
тасымалдануын реттейтін тыныс пигменті - гемоцианиннің болуына 
байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет