күйінде жұмыртқалар қыстап шығады да, көктемде
даму процесі қайтадан
басталады. Сөйтіп, бір циклдің ішінде екі түрлі ұрпақтың кездесіп отыруы
байқалады. Тіршілік циклінің ұзақтығына қарай мұртаяқтылар формалары -
моноциклді, дициклді, полициклді. Егерде, бір жыл бойына бір ғана даму
циклі болса, олар моноциклді, екідициклді (Daphnia pulex). Бірақ сыртқы
ортаның өзгергіштігіне қарай әрбір түр бір жылдың ішінде тіршілік циклін
өзгертіп тұруы мүмкін және бір түрдің бір аймақтағы әр түрлі су
қоймаларында тіршілік циклі де әр түрлі.
Бұтақмұртты шаяндардың тіршілік циклінде жыл мезгіліне қарай
сыртқы құрылысы да өзгермелі. Бұны
маусымдық өзгерістер немесе
цикломорфоз деп атайды. Мысалы, Daphnia-ның түрлі температура
жағдайларына қарай басының пішіні не "сүйір", не "домалақ" түрге айналып
өзгеріп отырады: басының домалақ болуы төмен температураға, ал сүйір
болуы - жоғары температураға байланысты.
Бұтақмұртты шаяндардың тәжірибелік маңызы зор. Олар тек
омыртқасыздарға ғана емес, барлық балық шабақтарына да қорек бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: