антенналары дененің бауыр жағында, ауыздың бүйірінде орналасып қоректі
жинауға қатысады, кейін бұлар дененің алдыңғы жағына ығысып, өзінің
атқаратын қызметін де өзгертеді.
Мандибулалары жұп бұтақты,
антенналарының артында орналасып және солармен жүзеді (105, II, А-сурет).
Науплиустың ішегі, аналь тесігі, науплиус көзі, зәр шығару мүшесі
(антеннальді безі), миы, екі құрсақ ганглиялары болады. Сонымен, науплиус
личинкасының денесі көзі мен антеннуласы бар акроннан және антеннальды,
мандибулярлы сегменттерден құралған. Мандибулярлы сегментіне аналь
қалақшасы жалғасқан. Екеуінің арасында өсу зонасы бар, оның клеткалары
үнемі бөлініп, жетіспейтін дене сегменттерін түзейді.
Науплиус ұзына бойы өседі де, астыңғы жақтарының екі жұбы
(максилла І-ІІ) және алдыңғы кеуде сегменттерінің бастамасы айқындалғанда
келесі метанауплиус сатысына айналады.
Метанауплиустың антенналары мен мандибулалары денесінің алдыңғы
жағына ығысып, өздерінің қызметін де өзгертеді: антенналарымен сезеді, ал
мандибулаларымен қоректі уатады.
Максилла І-ІІ-ші және алдыңғы кеуде сегменттері дамып, кейін қалған
кеуде және құрсақ сегменттерінің бастамасы айқындалады. Біршама уақыт
өткен
соң метанауплиус өсуімен қатар, ол түлейді де, бірте-бірте күрделі
көздері, аяқтары дамып, сегмент саны толығады да, метаморфоз кезеңі
аяқталып, метанауплиус ересек формасына айналады.
Осы даму процесі көбінесе төменгі сатыдағы шаянтәрізділерге тән. Ал,
кейбір онаяқты (Decapoda отряды) шаяндардың, мысалы, креветкалардың
(Crangon туысы) даму процесі төрт личинкалық сатыдан өтеді: науплиус,
метанауплиус, зоеа (zoea), мизидия. Жұмыртқадан науплиус личинкасы
шығып, бірте-бірте метанауплиусқа айналады (олардың құрылысы жоғарыда
көрсетілген). Зоеа (zoea) деп аталатын келесі
личинканың аузы және жақ
аяқтары дамыған, құрсағы және фасеттік көздері қалыптаскан, кеуде
аяқтарының бастамалары айқындалған (105, II, Б-сурет). Метаморфоздың
келесі мизидия сатысыңца екі бұтақты кеуде аяқтары толық дамып, құрсақ
аяқтары қалыптасады. Түлеп болғаннан кейін мизидия личинкасы ересек
шаянға айналады.
Онаяқты
(Decapoda) отряд
өкілдерінің басым көпшілігінде
метаморфоздың біраз бөлігінің жұмыртқа ішінде өтуіне байланысты дамуы
қысқа, мысалы, крабтарда жұмыртқадан бірден зоеа личинкасы шықса, өзен
шаяны мен көптеген басқа тұщы су қоймаларында тіршілік ететін шаяндарда
личинкалық фазалары толығымен жұмыртқа ішінде өтеді. Сонымен қатар,
жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділер арасында тікелей (эпиморфоз) даму
процесі көп тараған. Бұларда личинкалық фазалары толығымен жоқ,
жұмыртқадан сыртқа ересек түріне өте ұқсас организм шығады да,
жетіспеген сегменттер саны түлеу кезінде толығып біртіндеп өсіп ересек
формасына айналады.
Барлық буынаяқтыларға тән түлеу процесі шаянтәрізділерде де
морфофизиологиялық құбылыстарымен күрделі. Түлеу алдыңда организмде
зат алмасу процесі күшейіп, тканьдерінде және гемолимфасында
органикалық (белоктар, липидтер, көмірсулар, витаминдер) және минералды
заттар мол жиналады. Мысалы, өзен шаянының гиподерма қабатында
гликоген, минералды тұздар, ал қарнындағы кардиальдық бөлімнің бүйір
қабырғаларында жұмыр келген, ізбестке бай "диірмен-тас" деп аталатын зат
құралады. Бұлар жаңа түзілген жұмсақ хитин жамылғыға сіңіп, оны
қатайтады.
Түлеу кезінде гиподерма клеткалары жаңа
кутикула заттарын бөліп
шығара бастайды. Сол кезде кутикула жабыны жарылып (дененің жоғарғы
жағынан), пайда болған тесіктен шаян экзувия деп аталатын құндақты
кутикула жабынынан сыртқа шығады да, тез өсе бастайды, жаңа жұмсақ
кутикуласы минерал тұздарына байып тез қатаяды. Түлеу процесін бастан
аяғына дейін бас бөлімінде орналасқан нейро-секреторлы клеткалары және
ішкі секреция безі реттейді. Соңғылары экдизон деп аталатын гормонды
шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: