Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет168/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Сезім мүшелері
жақсы жетілген, олар сезімтал талшықтар түрінде 


(рецепторлар) дененің белгілі бөліктеріңде - антеннула, антенна, аяқтарының 
беткейіндегі талшықтар мен түктерінде орналасқан, иіс, дәм, химиялық сезу 
қызметін орындайды, бұлардың түбінде, гиподермальды эпителидің астында 
биполярлы нерв клеткалары бар.
Тепе-теңдікті сақтау мүшесі - статоцист - онаяқтылар (Decapoda) 
отрядының өкілдерінде жақсы дамыған. Олар антеннулаларының негізгі 
буынында, жабынды қабаттың терең ойығында орналасқан, ішкі жағы 
қауырсынды нәзік түкшелермен қапталған. Олар тітіркенуді қабылдайтын 
нерв клеткаларымен байланысты. Көп жағдайда статоцист сыртқы ортамен 
байланысып, ішіне "есту тасшалары" немесе "статолит" қызметін атқаратын 
ұсақ құм түйіршіктерін жинап алады. Түлеу кезінде статоцисттердің хитинді 
жабыны мен статолиттер түсіп қалады да, шаян жаңа құм түйіршіктерін 
жинайды (не қысқыштарымен, не бірнеше рет басын су түбіне сұғып). 
Сонымен қатар, статоцист мүшесі басқа да жоғарғы сатыдағы шаяндарда 
болады, мысалы Mysidacea отрядыңда, бірақ олар құрсақ аяқтарының соңғы 
жұбының негізінде орналасады.
Шаянтәрізділердің көру мүшесі - қарапайым - науплиальды және 
күрделі - фасеттік көздер. Науплиальды көз негізінен шаянтәрізділердің 
науплиус деп аталатын личинкасына тән, бірақ жиі ересек түрлерінде де 
кездеседі. Ол антеннулалардың аралығында орналасып, бір қатар ретинальды 
клеткалардан тұратын 2 немесе 4 көз шынысының (бокальчиктердің) 
бірігуінен құралған. Әрбір бокальчик қою пигментпен қоршалған. Дене 
беткейіне қараған жағында жарық шағылыстырғыш көз жанары (хрусталигі) 
болады. Көз ойысшығына қарайтын ретинальды клеткаларының ұшынан 
миға нерв талшықтары барады, сондықтан көздің құрылысы - инвертті.
Буынаяқтылардағыдай шаянтәрізділердің көпшілігіңде күрделі жұп 
фасеттік көздері дамыған. Осындай көздің құрамында тығыз жанасқан және 
бір-бірінен пигментгік жіңішке қабаттарымен шектелген көздің үстіңгі 
бетінен түбіне шейін бойлап жатқан омматидиялар деп аталатын ұсақ 
көзшелері болады (өзен шаянында 3000-нан аса). Бұлардың өзі өте күрделі 
құрылысты. Әрбір омматидия жоғарғы кутикула немесе оптикалық 
қабатынан және төменгі клеткалық немесе тітіркенуді қабылдайтын 
ретинальды клеткалар қабатынан тұрады. Оптикалық қабат - екі жағы дөңес 
линза тәрізді, мөлдір жарық шағылыстырғыш көз жанары (хрусталик) және 
оның астында жатқан көз жанары конусынан тұрады, бұлар бірігіп оптика 
жүйесін құрайды. Буынаяқтылардың көз жанары алты қырлы немесе 
фасеткалы (французша facette - қыр) құрылысты, осыдан да бұлардың 
күрделі көздерін фасетті деп те атайды. Клеткалық немесе тор қабаты - 
сезімтал ретинальды клеткалар тобынан құралған. Олардан мидың көру 
аймағына нерв тамырлары кетеді. Ретинальды клеткалар тобының ортасында 
рабдом деп аталатын көру таяқшалары орналасқан. Омматидиялардың 
оптикалық және клеткалық қабатын экрандайтын пигментті клеткалары 
қоршап жатады (104-сурет). Барлық омматидиялардың нерв тамырлары 
қосыла отырып, миға қарай көру ганглияларын түзейді.
Шаянтәрізділердің фасетті көздері көп жағдайда бастың ерекше 


қозғалмалы сабақшаларында орналасқан.
Шаянтәрізділердің әр түрлі өкілдерінде тек науплиальды көздері 
(Copepoda отряды, Ostracoda класс тармағы) немесе тек фасетті көздері 
(көптеген жоғарғы сатыдағы - Malacostraca класс тармағының өкілдерінде), 
ал жапырақаяқтыларда (Branchiopoda класс тармағы) науплиальды және 
фасетті көздері болады.
Кейбір шаянтәрізділердің белгілі жарық тітіркендіргіштерін 
қабылдауы, гормондарды бөлетін нейросекреторлы клеткалардың қозуына 
байланысты. Ол дене түсінің өзгерісіне әкеледі. Мысалы, кейбір креветкалар 
мен крабтар сыртқы қоршаған ортаға байланысты денесінің түсін өзгертіп 
тұрады. Бұл қабілетгілік терінің астыңғы жағындағы ерекше ірі хроматофор - 
клеткаларының цитоплазмасындағы боялған пигмент дәндерінің орын 
ауыстыруына байланысты. Неғүрлым пигмент дәндері клеткаға біртекті 
таралса, солғұрлым денесі пигменттің түсіне байланысты бір түске боялады, 
ал дәндер клетканың ортасына жиналса, онда түсі ашық. Пигментті 
клеткаларының іс-әрекеті көру ганглилеріндегі ерекше синус бездерінен 
бөлінетін гормондар - нейросекретпен реттеледі. Дене түсінің осындай 
өзгеруі - қорғаныштық бейімделуге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет