Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет165/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

зәр шығару жүйесі 
екі жүп безді мүшеден тұрады: 
антеннальды және максиллярлы. Антеннальды бездер жоғарғы сатыдағы 
(Malacostraca класс тармағы) шаяндарда болады, ал қалғандарында - 
максиллярлы, тек Leptostraca отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің 
екеуі де болады. Безді мүшелер түрі өзгерген целомодукталар. Антеннальды 
және максиллярлы зәр шығару жүйесінің құрылысы ұқсас. Әр мүше 
қапшықтан және одан басталатын, безді қабырғалары бар, иілген түтікшеден 
тұрады. Түтік бірнеше иірім жасап кеңейген қуысқа - қуыққа ашылады (102-
сурет). Қуық қысқа өзегімен антенналарының түбінде (антеннальды без) 
немесе П-ші максиллаларының (максиллярлы без) түбіңде ашылады.
102-сурет.
 
Шаянтәрізділердің зәр шығару және нерв жүйесінің типтері: I - өзен 
шаянының антеннальды безі; 1 - жасыл без, 2 - қуық, 3 - зәр шығару тесігі, 4 - зәр шығару 
өзегі, 5 - целом қапшығы; ІІ - шаянтәрізділер отрядтарының нерв жүйесі; A-Anostraca, Б-
Euphausiacea, B-Stomatopoda, Г-Decapoda, Д-Copepoda
Тыныс алу жүйесі
Polychaeta класындағыдай аяқтарымен тығыз 
байланыста. Көптеген ұсақ шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшелері 
жок. (Ostracoda, Maxillopoda класс тармағы) - олар бүкіл денесімен тыныс 
алады. Басқаларында тыныс алу мүшесі желбезектер. Олар аяқтардың 
протоподиттерінен басталатын тақталы немесе бұтақталған жұқа қабырғалы 
өсінділері - эпиподиттер. Негізінен олар (Amphipoda отряды) кеуде 


аяқтарында дамыған. Decapoda отряд өкілдерінің желбезектері алдымен 
кеуде аяқтарының протоподиттерінде дамып, соңында дененің бүйір 
қабырғасына ауысып, бас қалқаншасындағы бүйір шеттерінің астында, 
ерекше желбезек қуысында орналасады. Сонда Decapoda-ның желбезектері 
ұзына бойы қатарласып орналасады. Бірінші қатардағы желбезектері 
аяқтардың протоподиттеріндегі алғашқы тәртібін сақтайды, екінші қатардағы 
- протоподиттердің денемен байланысқан жерлерінде, ал үшінші 
қатардағылары дененің бүйір қабырғасында орналасады.
Су желбезек қуысына бас қалқаны мен дене арасындағы саңылауы 
арқылы бір жағынан кірсе, екінші жағынан шығарылады және де осы бағыт 
өзгеруі мүмкін. Суды желбезек қуыстарына айдайтын, минутына 200 
қозғалыс жасайтын, екінші максилланың ерекше өсіндісі. Басқа жоғарғы 
сатыдағы шаяндарда (мысалы, Isopoda отряды) желбезектері кеудесінде емес, 
құрсақ аяқтарында дамиды. Желбезектерінің ішіне гемолимфа құйылатын 
дене қуысы жалғасады, желбезектердің кутикуласы өте нәзік болғандықтан, 
газ алмасу оңай өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет