Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


Қалқанды шаяндар отряд тармаеы - Notostraca



Pdf көрінісі
бет173/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Қалқанды шаяндар отряд тармаеы - Notostraca
Карапаксы жалпақ шатыртәрізді қалқанша түрінде дамып, баскеуде 
бөлімін түгел жапқан. Антеннула мен антенналары өте қысқа, 
мандибулалары айырықша үшкірленген. Кеудесі көп (40-қа дейін) сегментті, 
алдыңғы 10 сегменттерінің әрқайсысында жұп аяқтары болады және олардың 
бірінші және екінші жұбының сезімтал қызметін атқаратын ұзын жіптәрізді 
өсінділері бар. Қалған кеуде сегменттерінің (11-шіден бастап) әрқайсысында 
4-6 жұп аяқтары болады. Бұндай таңқалдырарлық ерекшелік басқа 
буынаяқтыларда кездеспейді. Сонымен, кеуде аяқтарының жалпы саны 70-ке 
дейін. Құрсағында аяқтары жоқ, соңғы сегменті жақсы дамыған екі ұзын 
сезімтал талшықтары бар айыршамен аяқталады.
Қалқандылар су түбін қопарып, су ластанған кезде, оның ішіндегі 
детрит кесектерімен және ұсақ жануарлармен қоректенеді. Қорек барлық 
аяқтарының шайнағыш өсінділерінің көмегімен ұсталынып, аяқтарының 
арасындағы құрсақ ойысшасы бойымен ауызға қарай тасымалданады. 
Қалқандылар партеногенез жолымен көбейеді: популяциядағы 1000 
аналығына ең көп дегенде 10 аталығы сәйкес келеді. Қалқандылар ұсақ, 
жақсы жылынатын тұщы су қоймаларында мекендейді және жиі аяқ астынан 
көп мөлшерде қатты жаңбырлардан кейін жиналған суларда дамып шығады. 
Жұмыртқалары желбезекаяқтылардікіндей, кебуге, тоңазуға төзімді және 
желмен ұшып таралады.
Notostraca-ның 9 туысы белгілі. Негізгі өкілі: көктемгі щитень - 
(Lepiduras apus), 12 мм-re дейін өседі, өмір бойы жануар 17 рет түлейді. 
Кәдімгі щитень -(Triops cancrifomis), ipi - 7,5 см-ге дейін жетеді (106-
сурет).
Бақалшақты жапырақаяқты шаяндар отряд тармағы -Conchostraca
Ұзындығы 30 мм-ге дейін, ұсақ шаянтәрізділер. Карапаксы денесін 
толық жауып тұратын қосжақтаулы бақалшағы түрінде дамыған. 
Бақалшақтың жақтауы жануар денесімен ІІ-ші максилла сегментінің 
аймағында жалғасады және тұйықтағыш бұлшықеттері де дәл осы жерде 
орналасқан. Антеннулалары қысқа, антенналалары ұзын, екі бұтақты. Кеудесі 
10-32 сегментті, әрқайсысында екі бұтақты аяқтары бар. Құрсағы рудиментті, 
екі тырнақшаларымен аяқталады.
Conchostraca-ның 150-ге жуық түрі бар, көбінесе ұсақ тұщы су, кеуіп 


бара жатқан су қоймаларында мекендейді. Нашар жүзеді, сондықтан 
шөгінділерде көміліп тіршілік етеді. Негізінен табиғатта аналықтары да, 
аталықтары да кездеседі, бірақ Limnadiidae тұқымдасының барлық 
түрлерінде, мысалы Limnadia lacustris-тің тек партеногенетикалық 
аналықтары ғана белгілі. Жұмыртқалары аналығының арқа жағында, 
бақалшақтың арасында орналасады, қалың қабықпен қапталынған, кеуіп кету 
мен тоңазуға төзімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет