арнайы ойысына (науа) салынады.
Желбезектері кеуде және құрсақ аяқтарында дамыған. Жүрегі ұзын,
түтікті. Дамуы метаморфозбен өтеді, личинкалары планктонды. 200-ге жуық.
түрі бар. Негізгі өкілі дәуіт-шаян - (Sguilla oratoria), ұзындығы 20 см.
Жерорта теңізінде, сонымен қатар Тынық және Үнді мұхиттарында тамаққа
қолданылатын кейбір ірі ауызаяқты шаяндарды аулау кәсібі дамыған.
Мизидалар отряды - Mysidacea
Басым
көпшілігі теңіздерде, тұщы суларда тіршілік ететін шаяндар.
Ұзындығы 0,5-2,5 см. Басы - протоцефалон,
бір жұп сабақшалы фасеттік
көздері және мұртшаларынан тұрады. Кеудесінің алдыңғы 3 сегменттері
жақкеуде құрамында. Кеуде аяқтарының бірінші жұбы жақаяғына айналған,
қалғандары екі бұтақты. Желбезектері жоқ, карапакс арқылы тыныс алады
(карапакс үш кеуде сегментін жауып тұрады). Соңғы жұп құрсақ аяқтарының
эндоподиттерінің түбінде тепе-теңдік мүшелері - статоцисттері орналасқан.
Аналығы жұмыртқаларын кеудесінде
орналасқан тұқым шығарушы
қалтасында алып жүреді. Дамуы метаморфозсыз,
жұмыртқадан шыққан
ұрпақтарының ересек түрлерінен көп айырмашылығы жоқ.
Мизидалар
органикалық қалдықтармен, балдырлармен, ұсақ
шаяндармен қоректенеді. 500-ге жуық түрі бар. Негізгі өкілі - Mysis relicta
Солтүстік
Еуропада, Америкада салқын және таза көлдерде мекендейді.
Mysida туысының көптеген түрлері Каспий теңізінде және тұщы су
қоймаларында кең тараған. Мизидалардың
жасанды суат және
шаруашылықтағы балықтардың негізгі қорегі ретінде ерекше маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: