Ascothorax туысының өкілдеріңде барлық аяқтары және денесінің
сегментациясы сақталған. Олар офиуралардың (Ophiuroidea)
жыныс
қапшығында тіршілік етеді. Керісінше, Denarogaster туысының өкілдері
қатты өзгерістерге ұшыраған. Ірі (10 см-ге дейін) аналығының денесі екі
жағына қарай бұғы мүйізі сияқты бұтақталған мантия қуысынан тұрады.
Кеуде аяқтары жоқ. Мантия қуысында ергежейлі аталықтары орналасқан.
Denarogaster-лер теңіз жұлдыздардың (Asteroidea) эндопаразиттері. Науплиус
личинкасы аналығының мантия қуысында дамып, сыртқа ересек түріне ұқсас
личинка шығады.
БАҚАЛШАҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - OSTRACODA
Бұлар тұщы суларда және теңіздерде, планктон қабатында жүзіп, су
түбінде жорғалап, не шөгіндіде көміліп тіршілік ететін өте ұсақ,
микроскоп
арқылы көрінетін шаянтәрізділер. Ұзындығы 0,2-23 мм-ге дейін теңіз
формаларында, ал тұщы судағылардікі - 0,3-7,3 мм. Негізгі ерекшеліктері:
карапаксы денесін толық жауып тұратын қосжақтаулы бақалшақ түрінде
дамыған (класс тармақтың аты да осыдан), дене сегменттерінің саны азайып,
сегменттелу іздері жоғалған. Басында науплиальды көзі (күрделі көздері
жоқ), сонымен қатар антеннулалары,
антенналары, мандибулалары және
максилла I, максилла ІІ-шісі орналасады. Екі жұп кеуде аяқтары және бір жұп
"тазартқышы" (түрі өзгерген аяғы) болады. Антенналарымен жүзеді, кейде
оған антеннулалары да қатысады. Кеуде аяқтары арқылы жорғалап
жылжиды. Аяғында желбезек өсінділері дамымаған, бүкіл денесімен тыныс
алады. Жүрегі де жоқ. Жұмыртқадан қосжақтаулы бақалшағы бар науплиус
личинкасы дамиды. Науплиустың және ересек түрлерінің бақалшағының ішкі
қабаты хитиннен, сыртқысы - ізбестен тұрады. Екі жақтауы
арқа жағында
иілімді буда немесе тісшелерінің көмегімен бір-біріне ұласады. Дененің
ортаңғы жағында екі жақтауын мықтап ұстайтын күшті тұйықтағыш
бұлшықеті бар.
Ostracoda - класс тармағында дәл осы атты бір ғана отряд бар. Түрлері
2000-ға жуық. Теңіздерде, тұщы суларда кең тараған, ал оңтүстік африкалық
Mesocypris terrestris ылғалды тропикалық ормандарында топырақ бетіне
түскен жапырақ астында тіршілік етеді. Негізгі өкілдері: Cypris pubera және
Heterocypris reptans,
шалшық суларда, қоймаларда жиі кездеседі. Ұсақ
өсімдік және жануарлармен қоректенеді. Өздері де балықтар үшін қорек бола
алады.
Бақалшақты шаяндар кембрий қазбаларынан табылған. Бұлардың
белгілі бір түрлері бойынша геологтар мұнай қабаттарын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: