қарағанда құрылыс деңгейі жоғары, сезім мүшелері күшті дамыған және
соған сай іс-әрекетгері де күрделі, ірі шаяндар. Бұлардың басты ерекшелігі:
дене сегменттерінің саны тұрақты, басы (акрон және 4 сегмент), 8 кеуде және
6 құрсақ сегмештері болады (Leptostraca
отрядының өкілдерінде ғана
өзгеше). Кейде бас капсуласының құрамына акрон және 4 сегменттен басқа,
кеуденің І-ші сегменті кіреді (Amphipoda және Isopoda отрядында) немесе
басы протоцефалон (акрон және антенна сегменті) түрінде қалады. Соңғы
жағдайда бастың жақ сегменттері кеуденің бірнеше немесе барлық
сегменттерімен қосылып жақкеудені (гнатоторакс) түзейді. Дене
сегменттерінің әрқайсысында жұп аяқтары болады,
тек құрсақтың соңғы
сегментінде аяғы жок, ол тельсон (telson) деп аталатын тақтаға айналған
(Leptostraca отрядының өкілдерінде ғана айыршасы (furca) бар).
Ересек
түрлерінде антеннальды бездер зәр шығарады. Жыныс тесіктері аналығының
6-шы, аталығының 8-ші кеуде сегментерінде ашылады. Дамуы метаморфоз
жолымен немесе тура (эпиморфоз). 19000-нан аса түрі бар.
Жоғарғы сатыдағы шаяндар класс тармағы 14 отрядқа бөлінеді,
солардың ішінде ең көп тараған әрі маңызды отрядтарды қарастырамыз:
жұқасауытгы
шаяндар - Leptostraca, ауызаяқты шаяндар - Stomatopoda,
мизидалар - Mysidacea, эуфаузиялар - Euphausiacea,
теңаяқты шаяндар -
Isopoda, бүйірімен жүзуші шаяндар немесе амфиподалар - Amphipoda,
онаяқты шаяндар - Decapoda.
Жұқасауытты шаяндар отряды - Leptostraca
8 түрі бар, ұсақ теңіз шаяндары. Жоғарғы сатыдағы шаяндардан
төменгі деңгейлі белгілерімен көзге түседі: жұқа,
қосжақтаулы пішінді
карапаксы баскеуде бөлімін түгел жапқан (отрядтың аты да осыдан); 8 жұп
кеуде аяқтары екі бұтақты, жапырақаяқты (Phyllopoda) шаяндардың
аяқтарына ұқсас; құрсағы 7 сегментті және соңғысының ұшы ашалы; ересек
түрлерінде тек
антеннальды бездері ғана емес, аздап редукцияға ұшыраған
максиллярлы бездері де зәр шығарады. Осындай бірқатар белгілерімен
Leptostraca төменгі мен жоғарғы сатыдағы шаяндар аралығындағы
байланыстырушы буын деп болжайды. Негізгі өкілдері: Nebalia bipes,
Nebaliopsis typica. Nebalia туысы Силур дәуірінен белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: