гермафродит особьтарымен қатар ергежейлі "қосымша" аталықтары да
болады. Олар қатты регреске ұшыраған (қаңқасы, аяқтары болмайды),
гермафродитті особьтардың мантия қуысында жатады. Осылардың барлығы
мұртаяқтылардың дара жынысты формасынан гермафродиттерге айналуына
дәлел бола алады.
Мұртаяқты шаяндардың 1000-нан аса түрі бар. Негізгі туыстары: теңіз
үйрекшесі - Lepas және теңіз жаңғағы Balanus (109-сурет). Теңіз үйрекшесі
етті сабақшасымен субстратқа бекініп отырады, 5-6
тақталардан тұратын
бақалшағы екі бүйірінде қысыңқы. Теңіз жаңғағы субстратқа жалпақ
табаншасымен бекініп, ізбестті тақталармен қапталған аласа мұнара түрінде
болады. Бұлар теңіздердің тасты жағаларында көп кездеседі, ондай жерлерде
теңіздегі әр түрлі қатты заттар жарай береді, тіпті теңіз кемелерінің суға
батып тұратын бөліміне де жабысады, кейбір түрлері (Coronula туысынан)
акула және киттердің терісіне бекінеді.
Мұртаяқты шаяндардың ішінде паразиттік тіршілік ететін тобын
құрайтын тамырбасты шаяндар да кездеседі. Олар саккулина (Sacculina) және
пельтогастер (Peltogaster) туысының өкілдері. Бұлар, онаяқты шаяндардың
паразиттері, паразиттілігіне
байланысты дене сегменттері, аяқтары, сезім
мүшелері, ішегі жойылған.
Ересек саккулина крабтың құрсағының төменгі жағында сабақшасы
арқылы жабысып отырады. Денесі қап тәрізді, сабақшасының ұшынан тамыр
сияқты бұтақтанып кететін жіңішке тармақтар тарайды, олар крабтың барлық
бөлімдеріне және мүшелеріне еніп кетеді де, солар арқылы паразит иесінің
сөлін сорады. Жыныс жүйесі гермафродитті. Жұмыртқаларынан науплиус, ал
одан циприс личинкасы дамып шығады. Циприс личинкасы крабтың денесіне
жабысып, кеуде мен құрсақ бөлімдерін тастайды да,
крабтың ішкі қуысына
енеді. Иесінің сөлімен қоректеніп өсе бастайды, кейін крабтың нәзік құрсақ
жабындарын жарып, сыртқа қапшық тәрізді денесін шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: