128
129
мерекелік шеруден кейін трамвай вагондарының жанына жүздеген адам жиналды.
Трамваймен жүргісі келетіндер қарасы көп болды. Алматы трамвайлары халыққа үш
күн бойы тегін қызмет көрсетіп, 15 мың жолаушы тасыды.
Бұл қалалық темір жолды
алғашқы сынақтан өткізген күндер болды. Трамвайды толық эксплоатацияға (сол
заманның орфографиялық нормасы. — авт.) өткізуге дейін трамвай вагондарымен
қаланы аралау уақытша тоқтатылды. Құрылысшылар желтоқсанның 1-і мен 5-іне
дейін әлі көп шаруа тындыруы тиіс».
https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-tram/27367952.html
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Сіздің ойыңызша трамвай қандай көлік? Бізге қажет пе?
2. Алматыда не себепті трамвайлар алынып тасталды?
3. Басқа елдердің қандай көліктерін білесіз?
Топтық жұмыс
«Әлемдегі қызықты көліктер» тақырыбына конференция ұйымдастырыңыздар.
Қызықты дерек!
«Жүрекжұтқандар» жолы
Норвегиядағы “Атлантикалық жол” Туристерге
арнап
салынған бірегей жол. Бұл жол Атлант мұхитындағы ұсақ
аралдарға апарады екен. Көріп
отырғаныңздай көлікпен
кетіп бара жатып дауылды толқынға тап болуыңыз мүм-
кін. Сондықтан, көлік қауіпсіздік
ережелерін толық сақтап
отыруыңыз шарт дейді
Достарыңызбен бөлісу: