232
ӘӨЖ 81-13
ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ-
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ
А.Б. ШОРМАҚОВА
педагогика ғылымдарының кандидаты,
Еуразия гуманитарлық институты
Аннотация
Туыстық атаулар – халықтың туыстық қарым-қатынасының,
тұрмыстық, әлеуметтік тәжірибесінің, дүниетанымының, салт-
дәстүрінің, әдет-ғұрпының негізінде туындаған этностың өміршең
лексикалық қабаты. Мақалада тіліміздегі туыстық қатынастардың түрлі
дәрежесін көрсететін туыстық мағыналы сөздердің белгілері,
мағыналық топтары, семантикалық варианттары айқындалады.
Түйін сөздер:
туыстық атаулар, туыстық жүйе, туыстық қатынас,
семантикалық-құрылымдық табиғаты, семантикалық өріс.
Тіл – мәдениеттің бір көрінісі. Этностық болмысы мен
дүниетанымы оның тілінде ғана сақталып, кейінгі ұрпаққа тіл фактілері
арқылы яғни, тілдегі лексикалық бірліктер мен сөз тіркестері,
фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер арқылы жетеді. Академик
Ә.Қайдаров: «Этностың, бүгінгі ұлыстың, халықтың не ұлттың тілінде
оның басып өткен бүкіл ұзақ өмірінің өрнегі жатыр» деп, мәдениеттің
тіл арқылы бейнеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетінін айтады [1].
Адамзат белгілі бір этностың, қоғамның, ұжымның мүшесі ретінде
қоғамдасып, бір-бірімен тығыз байланыста, экономикалық, мәдени,
саяси т.б. қарым-қатынаста өмір сүреді.
Тіл мәдениетпен тығыз байланысты. Ол онда өседі, айқындалады
және сонда дамиды. «Тіл қарым-қатынастың құралы ғана емес, сонымен
қатар мәдени білімнің аккумуляциясы. Ұлт болып қалыптасудың негізі
бола отырып, тіл – ұлттық мәдениет пен оның көрінуінің негізгі
формасы» [2, 42 б.].
Біріншіден, «тіл» белгілі бір уақытта және белгілі біл жерде пайда
болатын ұлттың мәдениетінен ешқашан бөлінбейді, керісінше, ол сол
халықтың мәдениетінің бір бөлігі болып табылады.
Екіншіден, тіл де мәдениет сияқты әртүрлі уақыт элементтеріне
тәуелді. Оның құрамында кейде мүлде түсініксіз бұлдыр белгілер
кездеседі, ал кейде дәл кешегі күндегі өзгерген құбылыстарды
233
бейнелейтін элементтер де кездеседі. Егер мәдениетімізде өзгерістер
болса, оны біз тілден көре аламыз. Тілдік элементтер комплексі
мәдениет элементтеріне, тілдік топтар мәдениет арналарына сәйкес
келеді.
Демек, әр халықтың тіліндегі ұлт мәдениетінің басты
сипаттарының белгіленуі, мәдениеттің тілдегі көрінісі, қоршаған
ортаның тіл арқылы суреттелуі – ұлт тілі мен мәдениетінің тығыз
бірлікте екендігінің айқын дәлелі.
Ұлт тіліне мәдениет пен менталитеттің әсер етуін, этностың тілі
мен мәдениетінің байланысын, ұлттық сан ғасырлық әдет-ғұрпы мен
салт-дәстүрін,
сана-сезімін,
танымын,
ұлттық
болмысын,
психологиясын зерттейді. Бірақ тіл білімі үшін тек тілдік жүйенің
қалыптасуы маңызды емес, сонымен қатар тіл – адамдармен қарым-
қатынас жасаудағы өмірлік қызметтерімен байланысты болғандықтан
маңызды. Яғни, ол адамның өз этносын, әулетін, жас ерекшелігін, түрлі
тарихи дәстүрлерді сипаттайды.
Тіліміздегі туыстық мағыналы сөздер тек табиғаты (құрамы,
мағынасы, эмоциональды-экспрессивті реңкі, қолданысы, жасалу
моделі т.б) мен этнолингвистикалық (пайда болу, салт-дәстүрге
байланысты т.б) сипаты жағынан әрі күрделі, әрі қызық құбылыстар
санатына жатады.
Ғалым-лингвистер туыстық атауларға бұрыннан-ақ назар
аударған. Туыстық жүйе – бір жағынан, отбасылық қатынастың әр қилы
түрлерін көрсететін сөздер болса, екінші жағынан, бұл әлеуметтік
мақсаттардың анықталған жүйесі.
Туыстық қатынас жеке адамдар аралық байланысының
жиынтығында маңызды орын алатындықтан, бізді тек қана жүйелік-
тілдік байланыс қана емес, сондай-ақ бұл парадигманың, әлеуметтің
мәдени қасиеттерін білу. Негізінен осы жөнінде сөз болмақ.
Қазақ мәдениетіндегі адамның рухани құрамының болуы
отбасылық өмірде әлдеқайда анық байқалады, соның туыстық
байланысымен анықталады. Міне, сол себепті қазақ рухани мәдениетін
көрсететін туыстық қатынасты білдіретін атауларды қарастырудың
маңызы ерекше орын алады.
Туыстық терминологиясының тақырыптық разрядына (тобына)
жататын лексикалық материалды талдау осы топтағы сөздерге лексика-
семантикалық, әрі құрылымдық сипаттама беруге мүмкіндік береді.
Туыстық қатынастардың түрлі дәрежесін көрсететін туыстық
атаулардың ерекше белгілері бар.
234
1. Құрамы жағынан туыстық атаулардың лексикалық тобы үлкен
емес, қазақ тілінде қырыққа жуық атауды ғана құрайды.
2. Туыстық атаулар тобы тектік (қандас), туыстық және некелік
(сүйек жақындығы) болып екіге бөлінеді. Соңғысы некелесуге қатысты
пайда болатын туыстық қатынастарды білдіру үшін қолданылады.
Олардың үлесіне жоғарыда көрсетілген атаулардың жалпы санының
шамамен жартысы тиеді.
3. Некелік атаулардың көпшілігі тектік (қандас) туыстығын
білдіретін атауларға қарағанда екінші орындағы рөлді атқарады.
Мысалы, ата (әке) – қайын ата.
4. Қазақ тіліндегі қандас туыстық және некелік қатысты білдіретін
атаулардың көпшілігі бір ғана некелік топқа санап келген түрлі ұрпақ
өкілдерінің едәуір үлкен бөлігін көрсетуге қызмет етеді, ал мұның өзі
бұл терминдерге полисемантизм реңкін үстейді. Мысалы, аға, ағай,
қаратпа – көке.
5. Жынысына қарай бөлінетін сөздердің көпшілігі бір-бірімен
өзара байланысты сөздер – антонимдер ретінде жұмсалады, оның бір
жұбы тектік (қандас) туыстық пен некелік туыстығына сәйкес ерлер
атауын білдірсе, екіншісі әйелдер атауы ретінде жұмсалады. Мысалы:
аға (үлкен аға), апа (үлкен әпке немесе қайын апа, қайын бике).
6. Туысқандық номенклатурасының тақырыптық разряды біршама
тұрақтылығымен сипатталады. Қазақ тіліндегі жеке туыстық
атаулардың тұрақтылығы олардың жасын көптеген ғасырлармен
есептеуге (оның ішінде жазба ескерткіштері негізінде) алып келеді.
7. Туыстық атаулардың тұрақтылық тенденциясы (даму бағыты)
болғанмен, тығыз экономикалық және мәдени байланыстар жағдайында
түрік, араб, парсы, моңғол тілдерінен енген сөздер кездеседі. Немесе
түркі-монғол тілдеріне ортақ болып келеді.
Адам болмысына тән тақырыптық топтан мол орын алатын және
өзінің қолданыс жиілігімен көзге түсетін сөздерге туыстық, жақындық,
қатыстық, атақ-лауазым атаулары жатады. Бұлар адамдар арасында
неше алуан қарым-қатынастарда қолданылып, негізінен құрметтеу,
ізеттеу, жақын тарту, ресми, туыстық дәрежесін айқындай түсу т.б. осы
тәрізді мақсаттар мен мағыналық ерекшеліктерге ие.
Бұл тақырыптық топтағы атаулардың өзін іштей жіктегенде
қолданыс жиілігі жағынан бірінші орында туыстық қатынасты
білдіретін атаулар тұрады екен. Жасы үлкендерге кішілердің әке, шеше,
аға, көке, апа, ата, әже, баба керісінше, жасы кішілерге жасы
үлкендердің балам, қызым, ұлым, қарындасым, інім, бауырым, бөбегім,
235
балдызым деп атау қазақ арасында дәстүрге айналған, үлкен мәні бар
қарым-қатынас ритуалына жатады.
Туыстық қатынасты білдіретін атаулар арасындағы семантикалық
қатынас – семантикалық өріс пен семантикалық жүйе шектеуінде
сипатталады. Семантикалық өріс – әр тілдік көрсеткіштердің әрі
семантикалық, әрі функционалдық, әрі коммуникативтік қызметтері
бірлігін тануға мүмкіндік береді. «Приоритетное сопоставление
лингвокультурологических полей, - деп жазады В.В. Воробьев, -
облегчает знание национального своеобразия народов и в то же время
дает лингвистические основания для их оценки и способствует
возникновению еще больших различии более целесобразному
обращению с уже имеющимися» [2, 106 б.].
Демек лексика-семантикалық өріс (ЛСӨ) лексикологияда нақты
бір тіл жүйесіндегі лексикалық бірліктердің бірлескен жиынтығы
ретінде қаралады. Туыстық атаулардағы өріс құрылысы лексика
қабаттарының мынадай типтерінен тұрады: доминант, ядро, жақын
периферия, алыс периферия. Өрістің доминантын көрсетуде мынадай
көрсеткіштер қолданылады:
1) доминант түсінікті жалпылай білдіреді. Сондықтан лексикалық
элементті дәл анықтауға көмегін тигізетін кең мүмкіндіктер ретінде
сипатталады.
2) доминанттың қолданылу аясы (социалды және функционалды
шектеу) және эмоционалды-экспрессивті бояуы тұрғысынан алғанда
өрістің таңбаланған компоненті болып саналады.
3) доминант өрістің басқа компонентіне қарағанда анағұрлым жиі
қолданылатын элементі болып саналады.
Семантикалық жүйе – бір-бірімен байланысты күрделі түрде
ұйымдастырылған (мағына – дыбысталу) бір-бірінен позитивті түрде
ерекшеленетін тілдегі единицалар бірлігі. Бұл бірліктер өздерінің
дыбыстық бейнесімен ерекшеленеді, бірақ ол мағынаға қатыссыз.
Семантикалық жүйелердің бірлігі мынадай факторлармен
қамтамасыз етіледі:
1) қоғамдық таным арқылы бейнеленетін ой және сөз
бейнелеуіндегі фактілердің бірыңғайлығы;
2) семантикалық жүйе элементтерінің қарым-қатынастық қасиеті;
3) тілдегі туыстық қатынасты білдіретін элементтер қатынасының
сипаттамасы және олардың тілдегі қызметі.
Туыстық қатысты білдіретін сөздер бір семантикалық жүйенің
элементтері ретінде бір-бірімен байланысты. Біріншіден, семантикалық
жүйеде белгілі бір атаудың болуы басқа элементтің бар екендігін
236
анықтайды. Мұндай жағдайда әрбір элемент дәлелсіз, ол тек өзінің
қатысуы
арқылы
семантикалық
жүйеде
басқа
элементтің
маңыздылығын анықтап береді. Бұл жерде элементтің бір ғана типке
тиістілігі маңызды. Екіншіден, белгілі туыстық элементтер арқылы тағы
басқа мағыналар бөлініп шығады.
А.И. Моисеев туыстық атаулар арасындағы сәйкестіктерді былай
деп белгілейді:
1) қарама-қарсы байланыс;
2) туыстық (сөздің мағынасына қарай әйелге немесе еркекке
қатысты) [3, 123 б.].
Көптеген ғылыми еңбектерде туыстық атаулар сөйлеуден (речь),
яғни, жанды сөйлеу тілінен бөлініп қарастырылады. Бірақ туыстық атау
арқылы бейнеленген әрбір объектіде психологиялық шындық бар. Басқа
сөзбен айтқанда, барлық туыстық атаулардың семантикалық ерекшелігі
тіл жүйесінің семантикасына бүтіндей қатысы бар.
Р.Г. Джаффаров жалпы тілдік қолданыстағы туыстық атауларға
тән мынадай қатыстық функцияларды көрсетеді:
1) предикативті
2) атрибутивті [4, 25 б.].
Предикат функциядағы туыстық атауларға тәуелділік тән. Оларды
жаңа мағыналы предикаттық функцияны білдіретін терминдер құрайды.
Мысалы, Раушан мен Сәуле әпкелі-сіңлілер (предикативті).
С.Д. Канцельсонның айтуы бойынша, мұнда екі компонент те
субъект болады [5, 842 б.].
Атрибуттық функциядағы туыстық атаулардың саны көп емес.
Оларға тек өте жақын туыстық қатынасты білдіретін сөздерді (әке-
шеше, ата-әже, аға-әпке) жатқызамыз:
а) комплементарлы емес атрибуттар;
ә) комплементарлы атрибуттар.
Адамдардың туыстық дәрежесі сөйлеу ситуациясы арқылы
анықталады. Мұндағы туыстық көбінесе шартты болып келеді, яғни,
бұл функцияда (қызметте) туыстық атау туыстық дәрежені емес,
тұлғалардың қоғамдық статусын көрсетеді. Адресаттың жасы мен
жынысына сәйкес кісі есіміне мына атаулардың әке, шеше, ата, көке,
әпке, аға кез келгенін тіркестіруге болады.
Сонымен тілдегі туыстық атаулар парадигмасы келесі жүйелі
белгілерден тұрады: туыстық қатысты білдіретін сөздер семантикалық
варианттарға ие, олар әртүрлі (сандық, сапалық) сипаттағы семалардың
жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысы негізінен туыстық
қатынасты анықтау үшін қызмет етеді, екіншіден, туыстық атаулар
237
парадигмасы В.В. Воробьев айтқан «когнитив әлемінің белгілі
картинасын» [6, 45 б.] білдірмесе де, әлдеқайда анық, шынайы бөлігін
ұсынуға мүмкіндік жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Қайдар Ә. Тарихи лексикология және этнолингвистика». Қазақ тілі тарихи
лексикасының мәселелері. – Алматы, – 1988. – 52 б.
2.
Воробьев В.В. Лингвокультурология (теория и методы). – Москва, 1977. –
83 с.
3.
Моисеев А.И. Термины родства в современном русском языке.
Филологические науки, – 1963, –№ 3. – С.73
4.
Джаффаров Г.Г. Термины родства в азербайджанской системе и
грамматической структуре языка (на материале азербайджанского и русского языков).
Сов.тюркология, – 1974, – №3. – С.94
5.
Кацнельсон С.Д. Типология языка и речевые мышления. –Ленинград, –1972.
– 129 с.
6.
Воробьев В.В. Лингвокультурология (теория и методы). – Москва, 1977. –
82 с.
Резюме
В статье определяются признаки родственных смысловых слов, смысловые
группы, семантические варианты, отражающие различные степени родственных
отношений в казахском языке.
Resume
The article deals with semantic and structural features of related names. The Kazakh
language defines the features of related semantic words, semantic groups, semantic variants
that reflect different degrees of kinship relations.
238
Достарыңызбен бөлісу: |