257
ұрпақтарының бойынан көргісі келеді. Осы арман-тілегін әдеби
жәдігерліктері арқылы жеткізуге тырысқан.
Ұлттық «бөрілік рух» ғасырлар бойы сабақтастығын үзбей келе
жатқан рухани мұралардан, халық даналығынан, ұлт өкілдерінің көркем
шығармаларынан көрініс тауып отырғаны белгілі. Өткен тарихымызды
зерделей қарасақ, көне түркілердің шығу тегі Көк бөріге тығыз
байланысты екендігін дәлелдейтін бірнеше мифтік әңгімелерді
кездестіруге болады. Солардың бірі – «Ғұн
ханшайымдары және Көк
Бөрі» атты әңгімесі. Бұл мифтік әңгімеде ғұн елінің көсемі ай десе аузы,
күн десе көзі бар, әлемде теңдесі жоқ екі қызына жер бетінде ешбір адам
жар болуға лайық емес деп санап, қыздарын Көк Тәңіріне атайды.
Билеуші қыздарына арнайы қорған тұрғызып, соған апарып тастайды.
Сөйтіп, Тәңірге жалынып, оларды өзіне әкетуін өтінеді. Бірде
қорғанның түбінен апан қазған Көк Бөрі қыздардың жатқан жерінен
тесіп шығады. Мұны көрген көсемнің кіші қызы: «Бізді ата-анамыз Көк
Тәңіріне атап еді, Тәңірдің еркімен бізге Бөрі келді. Мүмкін, оның осы
келісі біздің болашағымыздың бақытты болуының белгісі шығар»,- деп
әпкесінің қарсы болғанына қарамастан, Бөрімен көңіл қосады. Сөйтіп,
Бөріден ұл табады.
Олардың тұқымдары тез өсіп, бірнеше жүздеген
жылдардан соң олар үлкен мемлекетке айналады [2,139 б.].
«Ғұндар тәңірқұты мен үйсін ханзадасы» деп аталатын тағы бір
аңызда жауынгер хундар үйсіндерге шабуыл жасап, халқын түгелдей
қырып тастайды. Тек үйсін көсемінің ұлы Кун-Мо ғана тірі қалады.
Кішкентай сәбиді хун қолбасшысы өлтірмей, оны шалғын шөпке
тастайды. Шырылдап жылаған
балаға қарға ұшып келіп, піскен ет
береді. Сәби оны жеп алады да, еңбектеп өзеннің жағасына барады. Оны
жақында ғана күшіктеген қасқыр көріп, тойғанынша емізеді. Мұны
көрген Хун қолбасшысы таңғалып, «сәбиді құдайлар желеп-жебейді,
оған
аң-құстарды жіберіп, тамақтандырып жатыр» деген ойға келеді,
оны өзімен ала кетіп, өз ұлындай тәрбиелейді. Бала ерен күшті әрі
ержүрек болып өседі, кейін үйсіндердің патшасы болады [2,141 б.].
Көк бөріге қатысты әңгімелер ежелгі үйсін, түркі және моңғол
аңыздарында да жиі кездеседі. Көкбөрі туралы аңыздар қытай тіліндегі
жылнамаларда сақталып қалған. Cондай аңыздардың бірінде былай
берілген:
...Батыстағы теңіз жағасында тұратын
Хун ордасының бір бөлігі
Ашын елі еді. Хун ордасынан таралған осы тармақты Линь мемлекетінің
әскері жойып жіберген. Сол кезде тек жалғыз ғана он жасар бала аман
қалыпты. Оны жаулары аяқ-қолын кесіп, өлтірмей, өзенге суға тастап
жібереді. Сол жерден кемтар баланы аналық Көк Бөрі тауып алып,
258
тамақтандырады. Мұны білген Линь мемлекетінің билеушілері Көк
Бөріні де, баланы да өлтірмек болады. Бірақ...аналық Көк Бөрі баланы
аман алып шығып, Алтай тауының адам аяғы баспайтын түкпіріне алып
кетіп асырайды. Ол баланы өзінің апанында өсіріп, ер жеткізіп, әлгі
баладан он бала туады. Аналық Бөрінің бұл балалары бірте-бірте үлкен
елге айналып, өзді-өзі бөлек тайпаға айналады. Аналық Бөрінің кемтар
баладан туылған он ұлының бірін Ашын деп атаған екен. Бұл – аса
қайырымды Бөрі деген мағына береді. Ол
өзінің кереметтей
ақылдылығымен басқалардан ерекше болғандықтан, оны рубасшысы
етіп қояды. Енді ол өзінің Бөрі анасының қайдан шыққанын көрсететін
белгі ретінде қақпа алдына алтыннан жасалған Бөрі басын ту етіп іліп
қояды. Ежелгі түркі билеушілері басқа елдің елшілерін осы Бөрі басы
бейнеленген туға тізе бүгіп кұрмет көрсеткеннен кейін ғана
қабылдайтын болған [3]. Ұлы Түрік қағанаты құрған көк түріктердің
ежелгі ататегінің шығу тарихын, олардың халық ретінде қалыптасқанын
түрлі аңыздар негізінде жыр еткен эпос – «Көк бөрі» дастаны. Дастанда
ғұндардың «Ашина» деп аталатын «бес жүз шаңырақ руы» туралы,
түркі тайпалары осы Ашина тайпасынан тарағаны хақында,
алғашқы
Түрік мемлекетін басқарған көсемнің есімі де Ашина болғаны жайында
хикая айтылады. Ашина сөзі «асыл текті қасқыр, бөрі» деген мағына
береді [4, 84 б.]. Түркі халықтарының шығу тегі, өмір сүру салты туралы
жазылған ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – «Ергенекон» дастаны.
Дастанда түркілер «айналасын аса биік көгілдір таулар қоршаған,
сарқырап ағып жатқан асау өзеннің бір жағында – жеміс ағаштары бар,
екінші жағы – шөбі шүйгін кең жазира жайлауға тап болады». Бұл жерді
«Ергенекон»
Достарыңызбен бөлісу: