Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет82/117
Дата31.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#155933
түріДоклад
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   117
Байланысты:
KAO-3-2020

қасқыр тай, құнанға шабады, мықыр қасқыр қозы, лақты қағады»;

Қасқыр – қайсар, аса сақ, қу хайуан: «
Ұры түн асқанша, бөрі 
қыр асқанша», «Кәрі қасқыр қақпанға түспейді», «Жау жағадан 
алғанда, бөрі етектен алады», «Қасқырдың ойлағаны – арамдық, 
қойдың ойлағаны – амандық»


Киелі саналатын көк бөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, 
оның екі рет жұп құрмайтындығы. Сондай-ақ ол бөлтірігін алған 
адамнан қалайда кек алатын хайуан: 
«Қасқыр да қастық қылмайды 
жолдасына», «Бөлтірігін алма шуланның, шұрқан салар қораңа», 
«Қасқыр ұлып ұяласын шақырады», «Қасқырлар ұлысып табысады
» 
т.б. [20]. 
Мақал-мәтелдердегі 
қасқыр 
бейнесі 
бірде 
халықтың 
дүниетанымын, наным-сенімін аңғартса, бірде тотемдік тұлғада, бірде 
аллегориялық астарда, бірде жыртқыштық кейіпте берілетін жан-жақты 
сомдалған, күрделі бейне болып суреттеледі. 
Қасқыр бейнесінің көп әңгімеленетін саласы – қазақ ертегілері. 
Қасқыр жайлы ертегілердің атаулары басқа-басқа болғанмен, 
мазмұндары ұқсас келеді. Ертегілердегі қасқыр бейнесі екіжақты 
сипатталады. Бірі – қасқыр шынайы өмірдегідей жауыз, тіріге 
мейірімсіз, зұлым, қара ниетті жыртқыш аң болса, екіншісінде – қасқыр 
ақымақ, аңқау, тез алданып қалатын келеке аң. Мұның екеуінде де 


262 
бұрынғы ата-бабаларымыз қасиет тұтқан Бөрі келбетін емес, керісінше 
даланың төрт аяқты жыртқышы, қорқау, жебір, рахымсыз аңы – 
қасқырды көреміз. Мәселен, «Қасқыр мен тоқты», «Қасқыр мен лақтар», 
«Қасқыр мен егінші», «Ақ тиін мен қасқыр», «Кедей мен қасқыр», 
«Сырттандар» ертегілерінде қасқыр өз жемтігін қалай да қолға түсіруді 
ойлайтын жыртқыш, мейірімсіз, қара ниетті жыртқыш аң ретінде 
суреттелсе, «Ақымақ қасқырдың аш қалуы», «Арыстан, қасқыр һәм 
түлкі», «Түйе, арыстан, қасқыр, түлкі және бөдене», «Түлкі мен 
қасқыр», «Қырық қасқыр, екі ешкі» ертегілерінде қасқыр көбіне аңқау, 
я болмаса ақымақ кейіпте қалады. Кейбір ертегілерде қасқыр түлкінің 
алдағанына иланып, қорлыққа тап болса, кейбір ертегілерде басқа 
хайуандардың немесе адамдардың қолынан қаза табады, енді бір 
ертегілерде түйе, қой, ешкі сияқты жануарлардан алданып, мазақ 
болады [21]. Қазақ ертегілерінің барлығында қасқыр сәтсіздікке көп 
ұшырайды. Себебі халық қасқырдан жауыздық көргісі келмеген. Өзінің 
күнкөрісі болған төрт түлік малын қалайда осы жыртқыш аңнан 
құтқарып қалуды көздеген. Сол себепті қасқырды ақымақ, аңқау етіп 
суреттеуге тырысқан.
Қазақ 
ертегілерінде 
қасқыр 
жауыз 
әрі 
аңғал 
болып 
бейнеленгенімен, ол – қорқуды білмейтін, қайратты да ерікті, айлакер 
де ақылды түз тағысы. Оның бойында бірнеше таңғаларлық қасиеттері 
мен жыртқыш аңға тән ерекшеліктері бар. Сондықтан да көптеген 
қазақтың белгілі жазушылары түз тағысы – қасқырды өз 
шығармаларына арқау еткен. 
Қасқырдың еркіндік сүйгіштігі, арланға тән кекшілдігі, өрлігі мен 
қайраты жайында көрнекті жазушы 
М. Әуезов «Көксерек»
атты 
әңгімесін жазды. Ол қасқырдың осы қасиеттерін шығарманың басты 
тақырыбы ретінде көрсете отырып, айнала қоршаған табиғаттың өз 
заңы, өзіндік ерекшелігі барын, оны адамдардың түсіне білуі қажет 
екендігін ескертеді. Мәселен, көзін де ашып үлгермеген, кішкентай 
күшік кезінде қолға түскен Көксеректің жетіле келе адамдарды 
жақтырмай, ауылдан қаша бастауы, Көксеректің түбінде өз ортасына 
қосылуы қасқырды қанша мейіріммен ұстаса да адамға көнбейтіндігін 
айғақтайды. Қасқыр – хайуанаттардың ішінде ешкімге бас имейтін 
тәккаппар, еркіндікті жақсы көретін аң. Қасқыр – дала тағысы. Оны 
қолға үйрету мүмкін еместігінің бір дәлелі – осы [22]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет