248
білімінде мәтінтану мәселесіне қатысты зерттеулер өз негізін
А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен алады. Мәтіннің
лингвистикалық табиғатын тануға бағытталған
еңбектердің қатарына
Р. Сыздық, М. Серғалиев, Б. Шалабай, Г. Смағұлова, А. Таусоғарова,
Г. Әзімжанова, С. Жусанбаева; газет мәтінін қарастырған Б. Момынова,
Қ. Есенова; көркем мәтінді жеке зерттеу нысаны ретінде қарастырған
С. Құнанбаева, Ж. Қайшығұловалардың еңбектерін жатқызуға болады.
Мәтін лингвистикасына қатысты кеңес тіл білімінде И. Гальперин,
С. Гиндин, З. Тураева, Л. Бабенко, А. Залевская, Г. Солганик,
Ю.
Левицкий, Л. Поповская сынды ғалымдардың еңбектері жарық
көрді. Зерттеу еңбектерінде мәтіндегі прагматика мен интонация
мәселесі, мәтін құрылымы, көмекші сөздердің жұмсалымдық қызметі,
мәтін типологиясы мәселелері сөз болады.
А.
Бабенко,
Ю.
Казарин
«Лингвистический
анализ
художественного
текста»
атты
еңбегінде
мәтін
талдаудың
лингвистикалық
және
антропоөзектік
түрлерін ұсынды. Мәтін
талдаудағы дәстүрлі тәсіл – лингвистикалық тәсіл саналды, оның
нысаны – тіл және мәтін. Лингвистикалық тәсіл көркем мәтіннің тілдік
бірліктерін, категорияларын сипаттауға негізделеді. Мұндай тәсілде
лексикалық,
фонетикалық, грамматикалық, стилистикалық бірліктер
мен категориялар қамтылады.
Антропоөзектік тәсіл – мәтіннің интерпретациясына байланысты
автор позициясы мен оқырман позициясы қамтылады. Бұл тәсіл арқылы
мәтінтану төмендегідей бағыттарға бөлінеді:
- прагматикалық бағыт (А. Баранин);
- жанрлы-стильдік бағыт (М. Бахтин, М. Кожин);
- когнитивтік бағыт (В. Дейк, Т. Виноградов);
- деривациялық бағыт (Е. Кубрякова, Л. Мурзин);
- коммуникативтік бағыт (Г. Золотова, Н. Болотнова);
- психолингвистикалық бағыт (Л. Выготский, А. Леонтьев).
Антропоөзектік бағыт мәтінді шығармашылық әрекеттің нәтижесі
ретінде қарастырады. Қазіргі таңда мәтінтанымдық зерттеулердің
қатары біршама толығып, мәтіннің күрделі табиғаты біртіндеп ашыла
түсуде.
Лингвистиканың дәстүрлі зерттеу нысаны ретінде сөз, сөз тіркесі
және сөйлемнің құрылымдық модельдері негізге алынады. Сөз
–
тілдік
жүйенің негізгі құрылымдық-семантикалық бірлігі болып табылады.
Сөз де, сөз тіркесі де зат, құбылыс, іс-әрекеттің атаулары ретінде қызмет
атқарады. Бір тілде сөзбен таңбаланатын
бірлік екінші тілде сөз
тіркесімен таңбалануы мүмкін, кейде керісінше болады. Сол себепті сөз
249
бен сөз тіркесінің арасындағы айырмашылық шартты болып келеді.
Мәселен,
аспан әлемі – мироздание, шөп шабушы – косарь, железная
дорога – railroad, порох – gun powder,
Лингвистикада «сөйлем» коммуникативті бірлік болып табылады.
Ал психолингвистикада бұл коммуникативті бірлік «сөйлесім,
айтылым» түрінде қолданыс табады. Өйткені сөйлесім кезінде
коммуникативті жағдаят ескеріледі, сол жағдаятқа сәйкес сөйлеуші
өзінің позициясын айқындайды. Біз сөйлеу үдерісінде шашыраңқы
сөздерді, не фразаларды жеке-жеке қолданбаймыз,
сөйлеген уақытта
айтар ойымызды егжей-тегжейлі кеңінен айтамыз, кейде ой-пікірді
білдіргенде бүтін бір мәтінмен жеткіземіз.
Сөйлесім – шығармалық үдеріс, әрі коммуникативті жағдаятқа
негізделгендіктен, тілдік стратегия мен тілдік тактикалар қолданысқа
түседі. Ал сөйлеу үдерісінде қолданылатын тілдік бірліктердің қызметі,
олардың
өзара
тіркесімділік
қызметі
(лексика-семантикалық
тіркесімділік,
синтаксистік
тіркесімділік)
сөйлеу
әрекетінде
айқындалады. Жеке тұрғанда белгілі бір лексикалық мағынаны
иеленетін сөз ауызша не жазбаша сөйлеуде
өзінің семантикалық
қоршауындағы сөздермен тіркесімділікке түсе келіп, эмоцианалды-
экспрессивті қызмет атқарады. Әрине, мұндай шығармашылық үдеріс
индивидтің аялық білім жүйесімен тікелей байланысты. Сөйлесімдегі не
мәтіндегі, сөйлемдегі сөздің семантикасы оның жеке тұрғандағы
мағынасынан айтарлықтай ерекшеленеді. Өйткені белгілі бір сөз мәтін
ішінде қолданысқа түсе келіп, өзінің негізгі ұғымдық мазмұнын
иеленеді. Тіпті жекелеген фразалардың өзі мәнмәтінсіз түсініксіз болуы
мүмкін. Егер, біз, бір сөздің мағынасын түсінгіміз келсе, оны
сөйлесімнің, мәтіннің ішінде қолдануымыз қажет. Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: