Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет73/117
Дата31.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#155933
түріДоклад
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   117
Байланысты:
KAO-3-2020

She came out from among the 
trees. He came out from behind the door
;


240 
3) қытай тіліндегі предлогтардың орны тұрақты, тек өзіне қатысты 
сөздің алдында ғана тұрады, ағылшын тілінде предлогтардың 
соңындағы сөздер сұраулық есімдер, сұраулық үстеулер немесе 
қатыстық есімдер болса, олардың орындарын ауыстыруға болады, яғни 
предлогтарды сөйлемнің соңынан қоюға да болады: 
Where are you from? 
What are you talking about? 
Қытайда және елімізде жарық көрген оқулықтар мен оқу 
құралдарында предлогқа анықтама әртүрлі беріліп жүр. Осы предлогқа 
берілген анықтамаларға кеңірек тоқталайық.
Қытай тілінде жазылып, қазақ тілінде аудармасы беріліп отырған 
«Қазіргі заман қытай тілі грамматикасы» деген оқулықта предлогқа 
берілген анықтама: «
用在名
词或名词性词语前,
共同
组成一个词组,

动词、
形容
词或名词的附加成分,表示时间、处所、方式、目的、
对象、排除、比较等意义,这样的词就是介词。
Зат есімнің немесе зат 
есім сипатындағы сөздердің алдында келіп, ортақ бір тіркес жасап, 
етістіктің, сын есімнің немесе зат есімнің қосымшасы болатын, 
мезгілдік, мекендік, тәсілдік, мақсаттық, объектілік, шығарып тастау, 
салыстыру т.б. мағыналарды білдіретін сөздерді сөз алды қосымшасы 
деп атаймыз» [1, 163 б.]. 
Қытайда жарық көрген «Қытай тілі грамматика білімдері» атты 
қос тілде жазылған кітапшада предлогты «сөз алды шылау» деп береді, 
алайда предлогқа берілген анықтамада предлогты «сөз алды 
қосымшасы» деп басқаша атайды. Берілген анықтама жоғарыда аталған 
«Қазіргі заман қытай тілі грамматикасында» берілген анықтамамен 
үндес, яғни анықтаманы көшіріп берген: «Зат есімнің немесе зат есім 
сипатындағы сөздердің алдында келіп, ортақ бір тіркес жасап, етістіктің, 
сын есімнің немесе зат есімнің қосымшасы болатын, мезгіл, мекен, 
тәсіл, мақсат, объекті, шығарып тастау, салыстыру т.б. мағыналарды 
білдіретін сөздерді сөз алды қосымшасы деп атаймыз» [2, 62 б.]. 
Қазақстанда жарық көрген «Қытай филологиясына кіріспеде» 
анықтама былай берілген: «Қытай тілінде зат есімнің немесе зат есім 
сипатындағы сөздердің алдында келіп, ортақ бір тіркес жасайтын, 
етістіктің, сын есімнің немесе зат есімнің қосымшасы болатын, 
мезгілдік, мекендік, тәсілдік, мақсаттық, объектілік, шеттету, 
салыстыру т.б. мағыналы бар сөздерді сөз алды қосымшасы деп атайды» 
[3, 98 б.]. 
М. Нурсаидовтың «Қазақ университеті» баспасынан шыққан 
«Қытай тіліндегі жәрдемші сөздер» атты оқу құралында предлогқа 
берілген анықтама: «Зат есімнің немесе зат есім сипатындағы сөздердің 
алдына келіп ортақ бір тіркес жасап, етістіктің, сын есімнің немесе зат 


241 
есімнің қосымшасы болатын, мезгілдік, мекендік, тәсілдік, мақсаттық, 
объектілік, шығарып тастау, салыстыру т.б. мағыналарды білдіретін 
сөздерді сөз алды қосымшасы деп атаймыз» [4, 52 б.]. Автор «Қазіргі 
заман қытай тілі грамматикасында» берілген анықтаманы өзгеріссіз,
бастапқы қалпын сақтап көшіріп берген.
Жоғарыда аталған еңбектердің барлығында авторлар қытай 
тілінде берілген анықтаманы қазақ тіліне аударғанда қателік жіберген. 
Яғни авторлар қытай тіліндегі «
附加成分
fujiachengfen» деген атауды 
түсінбей, оны қазақ тіліне «қосымша» деп аударған. Шын мәнінде, «

加成分
» қазақ тіліне екі түрлі аударылады: бірі – «қосымша», енді бірі – 
«сөйлемнің қосалқы мүшесі». «Қосымша» қазақ тіл біліміне тән атау 
болса, «сөйлемнің қосалқы мүшесі» қытай тіліне тән атау. Қазақ 
тіліндегі «қосымша» қытай тіліне «
附加成分
» деп те аударылады, бұған 
ешкімнің таласы жоқ. Бірақ қытай тіліндегі (яғни жоғарыда анықтамада 
айтылған) «
附加成分
» атауының «қосымшамен» еш қатысы жоқ, ол 
сөйлем мүшесімен қатысты. Қытай тілінде қалыптасқан дәстүр 
бойынша бастауыш, баяндауыш және толықтауыш сөйлемнің негізгі 
мүшелері (қазақ тілінде бастауыш пен баяндауыш «тұрлаулы мүшелер» 
деп аталады) деп аталса, анықтауыш, пысықтауыш және толықтырғыш 
мүшелер сөйлемнің қосалқы мүшелері (
附加成分
) (қазақ тілінде 
«тұрлаусыз мүшелер» деп аталады) деп аталады. Жоғарыда 
анықтамаларда айтылған «етістіктің қосымшасы», «сын есімнің 
қосымшасы» немесе «зат есімнің қосымшасы» дегендер де қытай 
тілінде жоқ. Сондай-ақ, жоғарыда берілген анықтамалардағы бір 
кемшілік: предлогтардың есімдіктермен де тіркесетінін ұмыт 
қалдырған. 
Тіл біліміне қатысты сөздіктерде 
附加成分
атауы «қосымша 
(жұрнақ, жалғау)» [5, 73 б.], «қосымша», «қосымшалар» [6, 127 б.],
«қосымша» [7, 21 б.] деп берілген. Ал Қытайда жарық көрген «Большой 
китайско-русский словарь» деген сөздікте «аффикс» [8, 659 б.] болып 
аударылған. Біз 
附加成分
-ның екі түрлі аударылатынын ескеріп, оны 
«сөйлемнің қосалқы мүшесі (
қытай тіліне тән
)», «қосымша, аффикс» 
[9, 80 б.] деп бердік. 
Ескере кететін жайт: жоғарыдағы берілген анықтамаларда 
排除
сөзі «шығарып тастау» болып аударылған. 
排除
сөзін қазақ тіліне 
«сырттату, шетқақпайлау, алыстату, бөлектеу, оқшаулау, қалыс 
қалдыру» болып аударылады. Мұндай мағынаны білдіретін предлогтар: 


除了

除非
. Бұлар қазақ тіліне 
басқа, сырт, өзге
сөздерімен беріледі. 


242 
Мысалы, 
这里除他外,都是本地

[Zheli chu ta wai, doushi bendi ren]
 Бұл 
жерде одан басқалары жергілікті тұрғындар.
Н. Абдырақынның «Базалық шығыс тілі: Қазіргі қытай тілінің 
грамматикасы» атты оқулығында предлогқа мынадай анықтама берген: 
«

词或名词性词语,用在代词前,组成介词短语,可以修饰动词,形
容词。它表示时

处所,方式,目的

对象,排除,比较等意义,这
样的词就是介词。
Зат есім немесе зат есім рөліндегі сөздер 
есімдіктердің алдына келіп предлогты (сөз алды қосымшасы) сөз 
тіркесін жасайды, етістікті, сын есімді анықтап келеді. Ол мезгілдік, 
мекендік, тәсілдік, мақсаттық, объектілік, қалдырып тастау, салыстыру 
мағынасын білдіреді» [10, 70 б.]. Берілген анықтамамен келісу қиын. 
Себебі: 1) автордың қытай тілінде берген анықтамасы қате (сөйлем қате 
құрастырылған); 2) қытай тілінде де, қазақ тілінде де зат есімдер 
есімдіктердің алдынан тіркесіп келмейді; 3) зат есімдер есімдіктердің 
алдынан келіп, предлогты сөз тіркесін жасамайды, керісінше 
предлогтар, көбінесе, зат есім, есімдік немесе зат есімді сөз 
тіркестерінің алдынан келіп, предлогты тіркес құрайды; 4) предлогтар 
есімдіктермен ғана тіркеспейді, олар зат есім, зат есімді сөз 
тіркестерімен де тіркеседі; 5) автор қытай тіліндегі 


сөзін тек 
«анықтау» деп түсінген сияқты, шындығында, 


сөзінің «анықтау» 
дегеннен басқа «айқындау», «пысықтау» деген мағыналары да бар, 
предлогты сөз тіркесі тек етістікті немесе сын есімді ғана анықтап 
келмейді, керісінше, негізінен, етістік немесе сын есімнен жасалған 
баяндауышты пысықтап келеді, кейде өзінің соңында тұрған сөзді 
анықтайды немесе толықтырып келіп толықтырғыштың қызметін 
атқарады («толықтырғыш» қытай тіліне тән сөйлем мүшесінің бір түрі).
Лу Фубоның қытай тілінде жазылып, қазақ тіліндегі аудармасы 
қоса берілген «Қытай тілі грамматикасының оқытулық қолданбасы» 
деген оқулығында (яғни қытай тілінің практикалық грамматикасында) 
берілген анықтама: «

词主要放在

词、

词或名词性短语
前,
组成
介词词组后,
用以修
饰动词或形容词。
Зат есім, есімдік немесе зат есім 
сипатты сөздердің алдынан келіп, сөз алды қосымшалы сөз тіркесін 
жасап, етістік, сын есімдерді айқындайтын сөздер сөз алды қосымшасы 
деп аталады» [11, 200 б.]. 
Анықтамада предлогтардың өзі тіркескен сөзіне грамматикалық 
мағыналар үстейтіндігі айтылмаған, тек тіркес құрап, сөйлем мүшесі 
болатындығы ғана айтылған. Анықтамадағы «...сөз алды қосымшалы 
сөз тіркесін жасап, етістік, сын есімдерді айқындайтын 
сөздер
...» 
дегенді қалай түсінуге болады? Сөз алды қосымшасы өзімен қатысты 


243 
сөздермен тіркескеннен кейін, яғни «сөз алды қосымшалы сөз тіркесін» 
жасағаннан кейін, ол «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет