ӘҢГІМЕЛЕРІ
ЖОМАРТ
Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-
ұсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің
жақын, таныстары сұрады дейді:
— Жомарт, Құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа — тамақ, жалаңашқа — киім,
үйсіздерге — үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете
алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? — деп.
Жомарт айтты дейді:
— Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы
әдет етсең көңілге жел кіргізеді; сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен
бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын
деп қорқамын. Екіншісі: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік
емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын өз
бейнетіммен таңнан бір-ақі пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ
болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен.
Төртіншісі: кұдайтағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына
жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі
болармын деп қорқамын, — деді.
10
ӘДЕП
Бiр жүрттың бас әкiмi екiншi бiр байға жолығысып сөйлесiп тұрғанда, қасынан
бiр жарлы мұжық өтiп бара жатып иiлiп, бас ұрып сәлем бердi дейдi. Оған
қарсы әлгi үлкен әкiм төре онан да төменiрек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы
бай:
– Тақсыр, осынша жүрттың үстiнен қараған әкiмсiз, осы бiр мұжыққа неге
сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейдi.
Сонда әкiм:
– Ешбiр iлiм-бiлiм үйренбеген мұжық сонша иiлiп, әдептiлiгiн көрсеткенде, мен
онан әдепсiз болып қала-йын ба? – дедi дейдi.
Тәкәппаршылық
Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі,
он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ
болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті.
Франклин бұл кісіге сөйлесе келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке
жақындағанда қарт дауыстапты:
– Еңкей, енкей – деп.
Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен
тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді:
– Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың,
өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда
артық неше соққылардан құтыларсың. Бұл сөзді Франклин сексен жасқа
келгенше ұмытпай, әрдайым айтушы еді:
– Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды; және көзіммен көрдім: басын
жоғары көтерген тәжәппәрлердің нешеуінін, әлек болғанын – деп.
|