Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата06.11.2022
өлшемі1,37 Mb.
#156712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
DOC-20221104-WA0087.

ЖАМАН ЖОЛДАС
Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі 
әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру 
жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс 
ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да 
жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына 
келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң 
манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты: 
— Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті? 
Ауру айтты дейді: 
— Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап 
қашатын достармен жолдас болма деді, — дейді.
ШЕШЕ МЕН БАЛА
Шешесі қыз баласынан сұрады: 
— Берген ақшамды қайда қойдың? 
Бала: 
— Біреуге бердім. 
Шешесі: 
— Кімге? 
Бала: 
— Бір тентек балаға бердім. 
Шешесі: 
— Мұнан былай тентек болма деп берген шығарсың? 
Бала: 
— Рас, әже, екінші рет тентек болма дедім. Құс та құдайдың жәндігі ғой, әже? 
Шешесі: 
— Біз де, құс та, бөтен жан-жануардың бәрі де құдайдың жаратқан жәндігіміз. 
Бала: 
— Әлгі бала құдайтағаланың жаратқан кішкентай құсын ұстап алып, сатайын 
деп жүр екен. Құс кісі аярлық болып, шиқылдап тұрды; сонда алып жүрген 
бала тұмсығын қыса береді, бишара құстың дауысын құдайтағала есітеді деп 
қорыққан шығар деймін. 
Шешесі: 
— Онда сен неғылдың? 
Бала: 
— Мен балаға ақша беріп сатып алып, құсты ұшырып қоя бердім. Менің бұл 
ісім сауап емес пе? 
Шешесі: 
Әрине, сауап, бейшараларға қайырымды болғаның. 
Бала: 
— Ол бала, кім біледі, кем-тарлықтан құсты сатуға жүрген-ау? 


16
Шешесі: 
— Мен де солай ойлаймын. 
Сонда сөйлеп отырған бала, сіңлісіне карап: 
— Мана ақшамның бәрін бергенім жақсы болған екен, — деді. Сіңлісі шешесіне 
қарап: 
— Апаммен екеуіміз мана бәстесіп едік, ол балаға апам құсыңның бәсі не деп 
те сұрамай, ақшасының бәрін берді; мен айттым: құстың бәсі не деп сұрау керек 
еді деп, қайсымыздікі дұрыс? 
Шешесі үлкен қызына қарап айтты: 
— Сенің де бұл істеген ісіңді дұрыс демеймін. Егер тағы бір манағыдай бала 
жолықса, ақшаңның бәрін бастапқы балаға беріп қойдың, соңғыға не берер 
едің? 
Үлкен қызы: 
— Онда мен тағы да саған келер едім. 
Шешесі: 
— Егер менде де мал, ақша болмаса қайтер едің? 
Бала: 
— Онда… — деп, не дерін біле алмады. 
Шешесі: 
— Көбірек жақсылық етуге шамам келсін десең, әрнәрсеге күтімді болу керек; 
құстың бәсін сұрап, кемге бермеймін десе, сонда ақшаңның бәрін беру керек 
еді. Ол құстың өзі не құс екен? 
Балaсы: 
— Мен сұрағаным да жоқ, әже, өзің айтушы емес па ең, жақсылық еткен 
жаныңның атын да сұрама деп. 
Шешесі күліп: 
— Солай, солай, шырағым, — деді. 
Балaсы: 
— Әже, сен көрсең еді, құсты қоя бергенімде, әуелі қуанғаннан тіпті ұша 
алмады; онан соң құсты сатқан баладан уәде алдым, екінші рет ұстама деп. 
Шешeci: 
— Қызым, жақсы ic етіпсін, мінекей саған тағы да теңге. 
Қызы: 
— Алла разы болсын, әже. 
— Шырағым кызым, әрдайым осындай рақымды бол, саған мұның үшін құдай 
рақым етер, — деді.


17


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет