Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет13/13
Дата06.11.2022
өлшемі1,37 Mb.
#156712
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
DOC-20221104-WA0087.

БІР УЫС МАҚТА
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, 
ақыл айтты:
- Балам, дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да 
керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп.
Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның 
қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:
- Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас, - деп.
Шешесі:
- Балам, сол да жерде қалмайды,- деді.
Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп 
ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана 
алып, ұшып кетті.
Қыз әжесінен:
- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады? - деп 
сұрады.
Әжесі айтты:
- Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай 
мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.


29
БАҚША АҒАШТАРЫ
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, 
екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады 
баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары 
болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет 
алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді 
түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, 
жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық 
біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.


30
АСЫЛ ШӨП
Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесине 
бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахлап-ухлеп 
шаршадым дел, Бәтима күліп, әзілдесип келе жатады. Сонда Злиха айтты:
- Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда менің 
басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің?
- Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым деді Бәтима.
- Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, менде ауырымды жеңілдетейін - деди 
Злиха.
- Ол шөп сенің қолыңа түспейме деп қорқамын аты: сабыр деген - деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет