Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата06.11.2022
өлшемі1,37 Mb.
#156712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
DOC-20221104-WA0087.

ӨТІРІКТІҢ ЗАЛАЛЫ
Үш кісі жаланға шығын, күн бойы құс аулап, жалғызақ шүрегей үйрек атып 
алыпты. Кешке бір жерге келіп отырып сөйлеседі: бұл үйректі үшеуіміз жеп 
тоймаймыз біреуімізге жөні болмайды деп. Ішінде біреуі қу жігіт екен бұл 
айтты: 
— Оған ақыл табылады. Үйректі пісіріп жауып қоялық та, үшеуіміз де жатып 
ұйықталық, қайсымыз жақсырақ түс көрсек, үйректі сол жесін, — деді. 
Осыған сөз қойысып, үйректі пісіріп жауып, өздері жатып ұйқтағанда, манағы 
қу тұрды да үйректі жеп алып, табағының үстін әуелгіше жауып қойды. Ертең 
жолдастарымен бірдей тұрып қу сұрады: 
— Не түс көрдіңіздер? — деп. 
Біреуі айтты: 
Мен ақбоз атқа мініп, алтын тәж киіп, көкке ұшып жүр екенмін. 
Екіншісі айтты: 
— Мен ұшпаққа кіріп, хор қыздары маған қызмет етіп жур екен. 
Сонда қу айтты: 
— Екеуіндікі де рас, мен түсімде сендерге қарап тұрып едім, бірің патша 
болып көкке ұшып кеткен соң, енді бірің ұшпаққа кіріп кеткен соң, бір шүрегей 
үйрекке бола қайтып келіп жатар деймісін деп, үйректі мен жеп қойдым, — 
деді.


14
БАҚША АҒАШТАРЫ
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, 
екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді. 
Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? — деп сұрады, 
баласы. 
— Оның себебі, балам, анау ағашты қисық бұтақтары болса, кесіп, бағу-қағумен 
өсірген. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, — деді, атасы. 
Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, — деді баласы. 
— Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен де өзіңе 
өсиет алсаң болады. Сен, жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате 
істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орныңа 
келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің, бағусыз, бетіңмен кетсең, сен де 
мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, — деді.


15


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет