ТӘКӘПӘРШІЛІК
Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі,
он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ
болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті.
Франклин бұл кісіге сөйлесе келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке
жақындағанда қарт дауыстапты:
- Еңкей, енкей - деп.
Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен
тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді:
- Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың,
өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда
артық неше соққылардан құтыларсың. Бұл сөзді Франклин сексен жасқа
келгенше ұмытпай, әрдайым айтушы еді:
- Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды; және көзіммен көрдім: басын
жоғары көтерген тәжәппәрлердің нешеуінін, әлек болғанын - деп.
20
ТҮЛКІ МЕН ЕШКІ
Бір түлкі жүгіріп келе жатып абайсыз да бір терең апанға түсіп кетіпті.
Шығайын десе шыға алмай тұрғанда, ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға келіп,
түлкіні көріп:
- Әй түлкі батыр, неғылып тұрсың? - депті.
Түлкі айтты:
- Ой неғыласын, батыр, жаным рахат тауып тұрмын: қырда әрі сусап, әрі
ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар
екен,- деді. Мұны естіп ешкі мен де салқын су ішейін деп, секіріп апанға
түскенде, түлкі-екең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып,
мүйізінен секіріп қырға шығып, жөніне кетті дейді.
Жаман жолдас
Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі
әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру
жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс
ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да
жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына
келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң
манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?
Ауру айтты дейді:
- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап
қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.
21
АЛТЫН ШЕТТЕУІК
Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс
алып келді. Леночка деген кіші қызы сол келтірген көп жемістің ішінде, сырты
алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады.
Шешесі айтты:
- Бұл шеттеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал,- деп, бөтендерін беріп
еді, Леночка жылай бастады:
- Мен қара шеттеуікті алмаймын, алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні
де тәтті шығар- деп.
Шешесі тіл алмайтын қисық баланың дегенін істегеннен артығы жоқ екенін
ойлап, Леночкаға алтын тыстыларын, бөтен балаларына бөтен шеттеуіктерді
таратып берді. Леночка қуанып шеттеуікгерін дереу шаға бастады, қараса,
бірінің де ішінде дәні жоқ, бос қабықтар екен. Мұны көріп қасындағы балалар
мазақтап күле бастады. Сондаатасы айтты:
- Бұл шеттеуіктер жеу үшін істелген емес, тек көзге әдемі көріну үшін
қойылған; мен шеттеуіктердің бос қабығын алып, сыртын күміспен бояп қана
қойып едім, екінші рет не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы
ішінде болар,- деді.
|