Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата06.11.2022
өлшемі1,37 Mb.
#156712
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
DOC-20221104-WA0087.

ИТ ТЕ АЙТТЫ:
- Жақсылыққа жамандық бар, мен иеме қанша түн-күн ұйықтамай мүлкін, 
малын, өзін бағып қызмет қылып едім, ақырында мен қартайып аурулы болған 
соң, таяқтап ұрып мені қуып жіберді,- деді.
Жылан және бір оралып, енді шағамын деді.
Әлім айтты:
- Енді тағы біреуге-ақ жүгінейік, төрелік тағы саған тисе, шаға бер.
Сонан шығып бір топ ойнап жүрген балаларға келді. Ішінде бір бала әлімге 
сәлем берді. Әлім сәлемін алып, сол балаға істерінің мәнісін айтты.
Бала есітіп болып:
- Әй, ата, бекер сөйлейсің осы қолыңдағы кіп-кішкентай қобдиға мойныңа үш 
оралған әйдік жылан сыюшы ма еді? – деді.
Сонда жылан да айтты:
- Бұл сөз рас,- деп.
Бала тіпті нанбады, «бұл сөзге көзбен көрмей кісі нанып болмас» деп. Сонда 
жылан баланы нандыру үшін иіріліп барды да, манағы қобдиға кіріп жатты. 
Бала сонда тарс еткізіп сандықты жауып бекітті де, Әлімнің қолына берді, 
«апарып алған орынңызға қойы-ңыз» деп.


25
БАЙҰЛЫ
Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар: біреу тайына, біреу атына 
мінгенде. бір бала жыламсырап қарап тұрып қалды. Мұны көріп, Байұлы 
қасына барып:
- Сен неге атыңа мінбейсің? - деді.
Бала қамығып:
- Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, - деді.
Сонда Байұлы аттан түсіп жаяу әкесіне барып:
- Мен атқа мінгенде, ер-тоқымымен маған бір жорға тай атап едіңіз, сол 
тайымды біреуге берсем сіз ұрыспайсыз ба? - деді.
Әкесі:
- Кімге бересің? - деді.
Бала қысылыңқырап тұрып, жаяу жылап тұрған жарлының баласын көрсетті. 
Бұған әкесі де түсініп, бетінен сүйіп:
- Тайыңды кімге берсең де ерік өзіңде,- деді.
Сонан соң Байұлы қуанып, тайды ерттетіп, манағы балаға әкеп беріп, қасына 
ертіп алды да, шауып кеп, көп балаға қосылды. Сол уакытта бір аксақал жақсы 
кісі қонақ болып жатыр екен, Байұлынын әлгі мырзалығын көріп, разы болып, 
сыртынан бата берді:
- Ей, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер.- деп.
Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында Байұлынан он екі ұл туып, бәрі де 
асқан бай, руға бас болды. Он екі ата Байұлы деген ру сонан болды деседі.


26


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет