Ыбырай Алтынсарин


АЙУАННЫҢ ЕСТЕСІ КӨП БІРАҚ АДАМДАЙ ТОЛЫҚ АҚЫЛЫ ЖОҚ



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата06.11.2022
өлшемі1,37 Mb.
#156712
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
DOC-20221104-WA0087.

АЙУАННЫҢ ЕСТЕСІ КӨП БІРАҚ АДАМДАЙ ТОЛЫҚ АҚЫЛЫ ЖОҚ
Ит адамға шын дос жануар. Дүние жүзінде иттің неше атасының ұлы бар: 
біреуі қора, біреуі үй күзетеді, біреуі малшы орнына мал бағады, біреуі аң, 
құс алып береді, біреулері, тіпті, ат орнына жегіліп те жүріледі; бұлардың 
бәрін де екінші кітапта уақытымен айтармыз. Англия жұртының ең үлкен 
Лондон деген қаласында өрт болған уақытта, күйіп жатқан үйдің ішінде қалған 
балаларды алып шығуға үйретілген иттер бар. Соның біреуі Боб деген ит он екі 
баланы өрттен алып шығыпты. Бір күні бір үй жанып, өрт сөндіргіш адамдар 
келген уақытта, бір қатын жылап тұрды, балам жанып жатқан үйде қалды деп. 
Өртшілер әлгі Бобты жіберді: Боб баспалдақпен үйге кіріп, түтін ішінде жоқ 
боп кетіп, біраздан соң баланы көйлегінен тістеп қана алып келді. Шешесі 
қуанып баласын алды, өртшілер иттің өрт шалған жері жоқ па деп қарап 
тұрғанда, Боб өршеленіп жанған үйге қарай тағы ұмтыла беріпті. Өртшілер 
ойлады шамасы үйде тағы бір бала бар шығар деп; сонымен Бобты және қоя 
берді. Біраздан соң Боб, ауызында бір тістегені бар, үйден жүгіріп шыға келді. 
Қараса, әкелгені бір үлкен қуыршақ екен.


27
ІЗБАСТЫ
Қыпшақ Ізбасты би, он жасар күнінде көш үстінде көп адаммен бір түлкі 
қуысып, бәрінен бұрын жетіп түлкіні соғып алды. Артынан келген жасы үлкен 
кісілер түлкіңді бізге байла деп еді, Ізбасты бермеді. Қазақшылық әдетте 
жасы үлкенге мұндай соғып алған түлкіні байлаушы еді, мынау бала бізге 
байламайды деп, заманындағы ханына арызға келісіпті. Сонда Ізбасты ханға 
айтты дейді:
- Ойдан қашты бір түлкі, тауға қарап демалмай, жабыла қудық кеп кісі, бәрі де 
қалды ере алмай; сол түлкіні кім алар, жалғыз жеткен мен алмай; ағайыннан 
дұшпан жауым жоқ, алдына салып айдап жүр, алтайы түлкі көре алмай; ұялып, 
тақсыр, жүрмеңіз, мұның төресін оңдап бере алмай.
Жамандыққа жақсылық
Қызылбас патшасынын, Абдулла деген уәзірі бар еді. Соның заманында жұрт 
бұзылып, бір күн уәзір патшаға келе жатқанда халық қамап: - «Дегенімізді 
істе, істемесең өлтіреміз» деп, ішінде бір батырырағы уәзірді сақалынан алып 
жұлықты. Уәзір ашу етпеді, бұлардан шыққан соң патшаға барып, жұрттың 
тілегін беріңіз деп өтініп тілегенін патшадан алып берді және өзінің көрген 
кемшілігі үшін ешкімге жаза бермеңіз деп оны да тілеп алды. Ертеңіне уәзірге 
бір саудагер келіп:
- Тақсыр, кеше сізді ренжітіп сақалыңыздан жұлыққан кісіні айтайын деп 
келдім, ол Нағым деген менің көршім еді, алдырып жаза беріңіз, - деді.
Бұл сөзді есіткен соң уәзір саудагерді қайтарып, Нағымды шақыртып алды. 
Нағым: «Менін кешегі ісімді біреу айтып танытқан екен» деп, қорыққанынан 
үрейі кетіп, келе-ақ уәзірдің аяғына жығылды. Уәзір Нағымды жерден көтеріп 
алып айтты дейді:
- Мен сені жазаландыру үшін шақырмадым, бірақ, көршің саудагер жақсы 
кісі емес екен, сенің білместігіңді маған келіп айтты, екінші рет ол көршіңнен 
сақтанып жүргендей екенсін, соны айтайын деп шақырып едім, енді аман бол! - 
деп ішкергі үйіне кіріп кетті дейді


28


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет