Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет5/117
Дата08.11.2022
өлшемі8,5 Mb.
#157166
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Байланысты:
nurmahanov-komp-grafika

Үшінші реттік қисықтар. 
Бұл сызықтардың екінші реттік қисықтардан 
айырмашылығы – сыну нүктелерінің бар болу мүмкіндігінде. Мысалы, 
y
=
x
3
функциясының графигінде координаттар басында майысу нүктесі бар. Үшінші 
реттік қисықтардың осы ерекшелігі оларды векторлық графикада табиғи 
объектілерді кескіндеудің негізі етіп алуға мүмкіндік береді. Мысалы, адам денесі 
кескінінің иілген сызықтары осы үшінші реттік қисықтарға жақын келеді. Барлық 
екінші реттік қисықтар және түзулер үшінші реттік қисықтардың дербес жағдайы 
болып келеді. 
Жалпы жағдайда үшінші реттік қисықтардың теңдеуін тӛмендегідей жазуға 
болады: 
x
3
+
a
1
y
3
+
a
2
x
2
y
+
a
3
xy
2
+
a
4
x
2
+
a
5
y
2
+
a
6
xy
+
a
7
x
+
a
8
y
+
a
9
=0. 
Сонымен, үшінші реттік қисық тоғыз параметрмен анықталады. Ал оның 
кесіндісін анықтау үшін қосымша тағы да екі параметр қажет. 
Безье қисықтары 
– үшінші реттік қисықтардың дербес бір түрі. Безье 
(Bezier) сызықтарын тұрғызу әдісі кесіндіге оның ұштары арқылы ӛтетін екі 
жанама түзулерді қолдануға негізделген. Безье қисығының кесінділері сегіз 
параметрмен анықталады, сондықтан олармен жұмыс істеу қолайлы. Сызықтың 
формасына жанаманың кӛлбеулік бұрышы мен жанама кесіндісінің ұзындығы 
әсер етеді. Яғни, жанамалар қисық сызықты басқаруға арналған виртуальды 
«рычагтар» рӛлін атқарады. 
Растрлық және векторлық графика. 
Сонымен, растрлық немесе векторлық форматты таңдау кескінмен жасалатын 
жұмыстың мақсатына байланысты болады. Егер түс берудің фотографиялық 
дәлдігі қажет болса, онда растрлық форматты таңдаған дұрыс. Логотиптерді, 
схемаларды, сызбаларды, безендіру элементтерін векторлық форматта жасаған 
тиімді. Растрлық пен векторлық графиканың екеуінде де графика (немесе мәтін) 
монитор экранына немесе баспа құрылғысына нүктелер жиыны ретінде 
шығарылады. Интернетте графика GIF, JPG, PNG сияқты растрлық форматтарда 
беріледі, ӛйткені оларды броузерлер түсіну үшін қосымша модульдерді орнатуды 
қажет етпейді. Бір қарағанда, векторлық графиканы қолдану тиімсіз сияқты болып 
кӛрінеді. Алайда, сызбаларды, суреттерді векторлық графикада орындаған 
ыңғайлы. Ӛйткені кез келген сызықты қате сызған кезде оны түзетуге болады. 
Оған қоса қолданылатын редакторлар .gif, .jpg форматтарына экспорттауды 
қамтамасыз етеді.
Жұмыстың мақсатына байланысты әртүрлі графикалық редакторлар 
(растрлық немесе векторлық) қолданылады. Әрине, олардың ортақ қасиеттері де 
бар – файлдарды әртүрлі форматтарды ашу немесе сақтау, аттары бірдей 
аспаптарды (карандаш, перо және т.б.) немесе функцияларды (выделение – 
белгілеу, перемещение – жылжыту, масштабирование – масштабты ӛзгерту және 
т.б.) қолдану, қажетті түсті таңдау және т.б. Бірақ, растрлық және графикалық 
форматтардың қасиеттеріне байланысты редакторларда сурет салу, сызбаларды 



орындау және редакциялау принциптері әртүрлі. Мысалы, растрлық графикада 
объектіні белгілеу кезінде объект күрделі формалы облыс түріндегі нүктелер 
жиыны ретінде қарастырылады. Оны белгілеу кӛбіне күрделі, әрі қиын болып 
келеді. Ол объектіні жылжытқан кезде орны «тесік» болып қалады. Ал векторлық 
графикада объект графикалық примитивтердің жиыны ретінде қарастырылады 
және оны белгілеу үшін мышканың кӛмегімен әр примитивті белгілесе болады. 
Ал егер бұл примитивтер топтастырылған (группировка) болса, оның кез келген 
нүктесіне меңзесе болғаны. Белгіленген объектіні жылжытқан кезде оның 
астында жатқан элементтер ашылады. 
Қазіргі таңда графикалық редакторлардың бір-біріне жақындасу тенденциясы 
байқалуда. Кӛптеген векторлық редакторлар растрлық суреттерді фон ретінде 
қолдана алады, кескіндерді векторлық форматқа қосымша орнатылған құралдар 
(трассировка) арқылы айналдыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет