- 50 ылғал өлшегіш құралында ашытқының ылғалдылығын анықтау МХ
-
50 ылғал өлшегіші: қыздырғыштың қақпақтары, үлгі үшін ыдыс,
ыдыс ұстағыш пен сақинадан тұрады. Құралды іске қосар алдында деңгейі
бойынша орнатылғанына көз жеткізеді. Құралды қосып, сақинаға үлгісіз
ыдыс ұстағышты орнатады, қақпағын жауып, RESET пернесін басу арқылы
құралды нольге келтіреді. Ары қарай құралдан
ыдыс ұстағышты алып, үлгіні
бірқалыпты бөліп, ашытқысы бар үлгіні ыдысқа салып, оны құралдың
сақинасына қояды. Қақпақты жауып, START пернесін басады.
Ылғалдылықты анықтау температурасы 130
0
С. Өлшеу аяқталғаннан кейін
дыбыс сигналы беріледі, дисплейде зерттелетін үлгіде ылғалдың мөлшері
пайда болады. Қыздырғыштың қақпағын ашып, ыдыс ұстағыштың көмегімен
сынаманы алады.
Ашытқының көтерілу күші мен қышқылдығын анықтау Құрал - жабдықтар: зертханалық таразылар, титрлеу аспабы,
фенолфталеин, 0,1н
NaOH, 250мл колбалар, фарфор ыдыстар, химиялық
стакандар, термостат, шыны таяқшалар, шпатель
.
Ашытқының көтерілу күшін стандартты əдіспен анықтау Ашытқы қамырды жылдам көтерілген сайын, сапасы жоғары болып
саналады. Ашытқының көтерілу
күші стандартты əдіспен немесе шарикті
қалқыту əдісімен анықталады. Стандарт бойынша ашытқының көтерілу
күші
70 минуттан аспауы керек.
Таразыда 5г ашытқы өлшеп, фарфор ыдысына салады. Салмақтық үлесі
2,5% болатын 160мл ас тұзы ерітіндісін құйып, кесек жойылғанға дейін
араластырады. Ерітілген ашытқы эмальданған ыдысқа
ауыстырады. Қалған
ас тұзы ерітіндісімен фарфор тостағанды шайып, оны эмальданған ыдысқа
құяды,
оған
екінші сұрыпты
280г бидай ұнын қосады. Осы
сəт құм сағатымен
белгіленеді жəне 5
минут бойы қамырды қолмен араластырады. Қамырға
батон пішінін беріп, алдын ала өсімдік майымен майланған металл пішінге
салады. Ашытқының көтерілу
күші қамырды қалыпқа енгізгеннен бастап
оның 70мм дейін көтерілу уақытпен сипатталады
[2].