Физикалық - химиялық көрсеткіштерді анықтауға сынаманы дайындау . Тұтас бұйымнан тұратын үлгілер ені бойынша жартысын жəне
бір жартысынан 70г
-
ға жуық массада
кесіндісін кеседі, оның қабығы мен
жалпы қалыңдығы 1см
-
ге жуық қабықты қабаты кесіледі. Салмағы 200г
-
дан
кем емес дана бұйымдар тұтас бөлкелерді алып, қабықтарды 1см
-
ге жуық
қабатпен кеседі, барлық қосылыстарды
(повидло, мейіз) тез ұсақтайды жəне
араластырады
[2].
Бақылау сұрақтары: 1)
Ұн партиясынан сынама алу көлемі
2)
Біріккен сынаманы жүргізілу жолы
3)
Орташа сынама жасау үшін бұйымдарды іріктеу əдісі
4)
Зертханалық үлгілер іріктеу актісін құрастыруға қажет мəліметтер
5)
Физикалық
-
химиялық
көрсеткіштерді
анықтауға
сынаманы
дайындау жолы
1.2. Нан пісіру, макарон жəне кондитер өндіріс шикізатының сапасын бағалау жəне бақылау 1.2.1. Ұн сапасын бақылау Ұн нан
-
тоқаш, макарон жəне ұннан жасалған кондитерлік өнімдер
өндірісіндегі шикізаттың негізгі түрі болып табылады. Ұн астық дəнін
ұнтақтау арқылы алынатын өнім. Ұн тарту өнеркəсібі əртүрлі
сұрыптарда
ұнды шығарады. Ұн түрі оның мақсатына байланысты
бөлінеді: нан пісіру,
макарон, кондитерлік. Ұнның сұрпы
оның химиялық құрамына, ондағы
дəннің құрамдас бөліктерінің
арақатынасына, түсіне байланысты.
Ұнның
сапа көрсеткіштері осы түріне арналған стандарт талаптарына сəйкес болуы
тиіс. Ұнның органолептикалық көрсеткіштеріне түсі, иісі, дəмі жəне
минералды қоспаның мөлшері шайнағанда қытырдың болмауы жатады
[1].