187
әсерін ескере отырып, тұтастай мотивтендірілген мінез-құлық
ұйымдасқан заңдылықтарды ашып көрсетеді. Мазмұндық тә-
сілдер жоғарыда қарастырылғандардан басқа, тағы да екі –
А. Маслоу және Д. МакКлелландтың
теориялары жатқызы-
лады.
А.Маслоудың «мотивтер иерархиясы» тұжырымдамасы.
Тұлғаның барлық қажеттіліктері бес негізгі топқа бөлінеді:
А) физиологиялық қажеттіліктер;
Ә) қауіпсіздікке қажеттіліктер;
Б) әлеуметтік байланыстарға қажеттіліктер;
В) құрметке қажеттіліктер;
Г) өзін-өзі танытуға (көкейкестілендіруге) қажеттіліктер.
Қажеттіліктердің осы топтары
бір мезгілде қатаң иерар-
хиялық өзара бағыныстағы қажеттіліктердің негізгі бес деңгейі
болып табылады. Әрбір жоғары жатқан деңгей қажеттіліктері
тек барлық төмен жатқан деңгейлердің қажеттіліктері қанағат-
тандырылған кезде ғана туындайды.
Төменгі қажеттіліктер (А және Ә деңгейлері) – «мұқтаждық
қажеттіліктері», жоғарғылары (Б, В және Г деңгейлері) – «өсу
қажеттіліктері». Біріншілері тұлғаның аман қалуын, ал
екінші-
лері дамуын қамтамасыз етеді. Мотивтенудің жоғары деңгейі,
А. Маслоу бойынша, «принципті түрде қанықпаған, өйткені өзін
жетілдіруге қажеттілік ешқашан толықтай қанағаттандырылуы
мүмкін емес».
А. Маслоу жүйесі жетекшіге басқарудың мотивтік қызметте-
рі негізінде құрылатын мотивация факторларының жүйесін көр-
сетеді. Ол басқару іс-әрекетіндегі жетекшінің өзінің осындай
мотивациясын жақсы түсінуге көмектеседі.
Басқару мотивтері
Достарыңызбен бөлісу: