Байланысты: Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар
Қиялдың физиологиялық негізі Қиялдың жаратылыстық - физиологиялық негізі – мидағы оңашаланған орталықтар
емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы. Адамның қиялдау әрекетіне қозу мен
тежелудің іздік процестері, иррадиация мен концентрация, оң және теріс индукциялар,
талдағыштардың ми бөлігіндегі талдау мен біріктіру қатысып отырады. Сөйтіп, көптеген
жүйке процестерінің түйісуі нәтижесінде адамның нақты қабылдауында бұрын болмаған
жаңа образдар мен елестер туады.
Қиялдың түрлері. Өзіндік ерекшеліктері мен олардан туындайтын себептерге орай,
қиял ырықсық, ырықты болып екіге бөлінеді. Психологиялық әдебиеттерде ырқсыз
қиялды пасивті қиял, ырықты қиялды активті қиял деп атайды.
1.
Ырықсыз қиял – адамның алдына мақсат қоймай- ақ басындағы елестердідің
ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезде туады.Мұндай қиялдың пайда болуы
адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де байланысты болады.
2.
Қиялдың саналы әрі жемісті түрі- ырықты қиял. Бұл адамның алдына саналы түрде
мақсат қоя отырып, әдейі бейнелер жасау мен қажетті бейнелер тудырады.Оларды
орындауға, қимыл- әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді.Ырықты қиял
түрлерін топтап қарастырудың жолдары бар. Олар- қайта жасау қиялы және жасампаздық
қиял және арман болып үшке бөлінеді.
1.
Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын болған
бейнелерді қайта жаңғыртып елестететін сөздік тітіркенгіштерге байланысты туындайды.
Мұндай қиялдың пайда болуында сөздік тітіркенгіш қызыметін әр түрліформалары
негізінде туындайды.
Қайта жасау қиялы – адамның ой - өрісін дамытып отыратын психикалық үрдіс.
Қиялдың қызыметін оның алдына қойған мақсаты мен міндеттерінен аңғаруға болады.
2. Қиялдың ең жоғарғы түрі – жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа
бейнелер жасалады. Шығармашылық жасампаздық қиял қайта жасау қиялы сияқты нақты
суреттер мен шартты бейнелерге сүйенеді.Жасампаздық қиял – қоғамның мәні бар жаңа
соны өнімдер жасап шығаруда жетекші қызымет атқаратын психикалық үрдіс.
3. Адам қиялының ерекше түрі –арман.Бұл активті әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен
мүдемізге орай бейнелер жасау, игі мақсат-мүдемізді іс жүзінде асыруды қиял арқылы
орындау.Ол шығармашылық қиял емес, бірақ соған дайындықтың бастапқы сатысы.
Арманның кезеңдері: арманның әрекетке қатысы, шындыққа жанасуы, келешек үшін
мәні.Арманның мәні оның мазмұны бос қиялға қараған да белгілі бір мақсатқа не
нәтижеге жетелейді және белсенді іс-әрекет жасауға итемелейді.Сонымен қорыта келген
де қиял ол бұрын қабылданған бейнелердің адам снасында мақсатты және мақсатсыз
түрде қайта жаңғыртылып, жаңа бейнелер жасалу үрдісін айтамыз.