Ес процесі
Бұрын
қабылдаған зат, құбылыс образдарын, өз көңіл күйлерін ойда сақтап қайта
жаңғыртатын психикалық процесті
ес
дейді. Бұрынғы
уақытша нерв байланыстары
қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырада, санасына қайтадан келеді. Естің
бұл күйін қайта жаңғырту дейміз. Адам көптен көрмеген танысып кездестіргенде,
бұрынғы болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей-ақ
қайта
жаңғыртуды
еске түсіру
деп атайды. Өз қасында жоқ кісінің образы еске түседі.
Есте қалдыру және оның түрлері, әдістері
Ес әрекеті есте қалдырудан басталады. Адамның
тіршілігінде қабылдағаны,
ойлағаны, басынан кешіргені есінде қалады. Қабылдау процесінде тітіркендірген нәрсенің
ми қабығында ізі қалады да, нәрсе мен адамның өмір тәжірибесінің, білімінің және
нәрсенің өз құрамындағы бөлшек, элементтерінің арасында байланыстар жасалады. Адам
тітіркендіргіштердің
әсерін ырықты не
ырықсыз түрде
, механикалық және
мағыналы
түрде есінде
сақтайды. Есте қалдырудың әдістері бар: алға мақсат қоймай, сәтті ететін
тәсіл
қолданбай есте қалдырсақ,
ырықсыз есте қалдыру
болады. Адамның өмір
тәжірибесінде кездесетін нәрселер,
құбылыстар, күнделікті уақиғалар, басқа кісілердің
қылығы, олармен сөйлескен сөздің мазмұны,
көрген кинофильмнің, театрда ойнаған
пьесаның, үйренейін де мақсат етпей оқыған кітаптың мазмұны сияқтылар
ырықсыз
түрде
есте қалады.
Алға мақсат қойып, арнаулы тәсілдер
қолданып есте қалдырып,
ырықты есте
қалдыру болады. Ырықты есте қалдыру - ұғып алу мақсатына бағынатын ақыл әрекеті.
Оқу процесінде оқу материалын есте қалдыру үйреніп алу болады. Үйреніп алу дегеніміз-
оқу материалын есте қалдырғанша әбден толық қайталап пысықтау. Өлеңді, анықтаманы,
ережені, заңды, формуланы, тарихи күндері біліп үйреніп алу. Үйреніп алуды адам алдына
мақсат етіп қойса, есте қалдыру нәтижесі болады. Мысалы, біз өзгеше түр сипатын
әдейлеп ұғып алмасақ, төңірегіміздегі неше рет қабылдап жүрген нәрсенің түсін,
формасын, көлемін дұрыс айтып бере алмаймыз. Ырықты,
ырықсыз есте қалдырудың
сәтті болуы - істі белсенділікпен және өздігінен орындауға байланысты. Адам материалды
толық қабылдауды, шашаусыз түсінуді, өздігінен істеп орындауды мақсат ететін болса,
есте қалдыру биік сатыға көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: