Бағыттылық – дамудың ішкі өзара байланысты жолына алып келетін қабілет
жүйесі.Дамудың бағыттылығы жүйелік принципі мен түсіндіріледі.
Заңдылық- әр адамдағы бір типті өзгерістерді қайта жаңғырта алып келетін
қабілет жүйесі.Бұл жүйеге үлгі болып «индивид- орта» қарым-қатынасы, генетикалдық
психологияда; «бала- ересек» жүйесі жатады.
Пісіп-жетілу – адамның индивидуалды қасиетіне тәуелді процесс; организмнің
сыртқы түрінің генетикалық бағдарланған жүйесінің өзгерісі ғана емес, оның
қиыншылығын, интеграциясын, ұйымдастыруын және функциясынан туатын процесс.
Өсу – пісіп-жетілу кезіндегі сол және басқа функциялардың сандық өзгеру
процесі.Егер даму барысында сапалық өзгерістер болмаса- бұл өсу (Д.Б.Эльконин)
«Даму», «пісіп жетілу», «өсу» түсініктері даму теориясында сол немсе басқа даму
категориясында методологиялық позициясына байланысты арақатынасы әртүрлі болуы
мүмкін.Кейбір теорияларда оны (мысалы: пісіп-жетілудің спиралды теориясы А.Гезелл:
пісіп-жетілу- даму).Ал келесісінде дамуды пісіп-жетілуге қарсы қояды (әлеуметтік үйрету
теориясы А.Бандура, тарихи- мәдени теория Л.С.Выготский).Егер пісіп-жетілу мен өсу
тұқым-қуалаушылық және қоршаған орта факторларына негізделген болса, ал қалыптың
көп жағдайда адамның өзін-өзі дамыту факторымен анықталады.Психологияда дамудың
келесі формаларын бөліп шығарады: онтогенез және филогенез .
Онтогенез (грек. онтос- тіршілік және генезис шығу тегі, пайда болу)- жеке
организмнің туылғаннан бастап тіршілігін жойғанға дейін даму процесі
Филогенез (грек.-түр туыс және шығу тегі)-организмдер топтарының тарихи
тұрғыдан қалыптасуы организмнің тарихи дамуы органикалық дүниенің әр түрлі тип,
класс, отряд, туыс және түрлердің эволюциясы.Жеке дара даму – онтогенез бен тарихи
даму- .филогенез тірі табиғаттың бір тұтас дамуының ажырамас қырлары болып саналады
және бір-біріне өзара әсер етеді.
Даму аймағы : Даму аймағы- дамып жатқандықты көрсетеді. Даму аймағы:
- психофизикалық (адам денесінің сыртқы және ішкі өзгерістері);
- психосоциолды (эмоционалды және тұлғалық өзгерістер, «Мен» концепциясы мен
өзіндік сананың қалыптасуы;
- танымдық (ақыл-ой қабілетінің, интеллектінің, танымдық процестердің дамуы;