Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет29/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Қабілет 
Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе 
қабілет дегеніміз — мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жүмысына байланысты адамның 
бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы. Қабілет 
мәселесін тереңнен талдаған Б.М. Теплов болды. Оның тұжырымдамасына сәйкес тума 
қасиет қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік 
— нышан. 


Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда 
түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне 
қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады: 
1.
Іс-әрекетті тез өзгерту. 
2.
Іс-әрекетті орындау нәтижесінің сапасы. 
Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден
,
қолға алған істі қалайда 
болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, 
екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті адам дейді. Сонда 
қабілеттіліктің сыры неде? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда 
түрліше керсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады? 
2 Нышан және қабілет 
Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның-қабілеті ата тегіне, яғни 
тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас 
бойынша, әр адамның қабілеті — оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет. 
Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. 
Себебі, қабілет—адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын 
нәрсе — қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық 
ерекшелік — нышан. Нышанның табиғи негізі — жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, 
бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және 
олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі 
дамып жетіледі. 
Нышан — мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы 
табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және 
физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді 
болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл Нышандар 
іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам 
бойындағы нышандарды дер көзінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан 
әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет