Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет28/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

2-сигнал 
байланыстары негізінде адамның саналы іс-әрекеті іске 
асады. Зейінді реттейді, сезімді туғызады. 2-еигнал байланыстары қимыл-әрекеттерді 
бөгеу, ерікті тежеу қызметінде шешуші роль атқарады. 
Қимыл-қозғалыстың ырықты болуы бүкіл ми қыртысының жалпы жұмысының 
нәтижесі,-дейді. И.П.Павлов ерік шартты 
рефлекстік 
табиғатқа ие. Еріктік әрекеттер 
күрделі және қарапайым болып 2-ге бөлінеді. 
Қарапайымда — мақсат қою және орындау күрделіде — мақсатты аңғару, жоспарлау 
және орындау. 
Ерік сапалары әр түрлі: 1) 
ерік күші
(тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-
өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық т.б.); 2) 
адамгершілікке 
сыйымды ерік 
қимылының сапалары (жеке мүддені қоғам мүддееіне бағындыру); 3) 
еріктің адам 
дербестігінен
байқалатын сапалары (инициатива, тәртіптілік, жинақылық т.б.). 

 
 
Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Психикалық күйлерге не жатады? 
2. Эмоция дегеніміз не және оның түрлері? 
3. Аффект ұғымының анықтамасы? 
4. Сезім анықтамасы? 
5. Жоғарғы сезімдерге не жатады? 
6. Ерік дегеніміз не? 
7. Адамға қажет еріктің сапаларын атаңыз? 
8. Қажеттілік және мотив анықтамасы?
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Дәріс 9. Психикалық қасиеттер 
 
 
Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 
1 .Темперамент – психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың формалды өзара 
қасиеттері. Темпераменттің мінезді реттеудегі рөлі.
2. Мінез – тұлғадағы әлеуметтік-типтік және жеке даралық ерекшеліктің бірлігі. Мінез 
типологиясы. 
3. Қабілет туралы түсінік. Жалпы және арнайы қабілет.
4. Нышандар қабілеттің органикалық алғышарты ретінде. Талант. 
Темперамент — нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке 
өзгешеліктерінің бірі. Адамдардың қозғыштығы, қимыл-қозғалысы, жалпы белсенділігі 
темпераменттерден көрінеді. 
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.э.д. 
460-365) еңбектерінде айтылған. Гиппократ айтуынша, адамдар мен жануарлар денесінде 
4 түрлі сұйық зат бар. Темперамент сол сұйықтардың басымдығына байланысты,-дейді. 
1. Денені 
жылытып 
тұратын 
қан 
басым 
болса 
сангвиникалық 
(латынша «сангиус» «қан») темпераменті; 
2. Шырын 
басым 
болса 
(грекше 
«флегма» 

«шырын») 
флегматик 
темпераменті; 
3.
Организмде 
қара 
өт 
басым 
болса, 
меланхолик 
(грекше 
«мсланхолс» 
- қара от) темпераменті; 
4.
Сары өт (грекше «сһоіс» - өт) басым болса, холерик темпераменті; 
Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір 
аурулардың шығу тарихын түсіндіруге жарайды,-дейді. 
Темпераменттің физиологиялық негіздерін шартты рефлекетер арқылы ғылыми 
тұрғыдан түсіндірген академик И.П.Павлов болды. «Нерв жүйесінің
 
типтері» деген 
еңбегінде Павлов былай деп жазды: «Нерв жүйесінің типтері мен қабығындағы қозу, 
тежелу процсетерінің 3 негізгі белгісінің (күші, тепе-тендігі, қозғалғыштығы) 
жиынтығынан құрастырылады. Нерв процесінің күші — бүкіл нерв жүйесі мен нерв 
клеткаларының жүмыс қабілеттілігінің кәрсеткіші. Күшті нерв жүйесі түрлі 
тітіркендіргіштерге төзімді келсе, әлсізі мұндайға шамасы келмей «мәрт сынып» жатады». 
Нерв процесінің тепе-теңдігі — бұл қозу мен тежелудің бұл сайма-сайлығын 
көрсетеді. бұл процестер кейде бір-бірімен тепе-тең келіп, кейде тең келмей, біреуі 
екіншісінен күшті болады. 
Нерв процесінің 
қозғалғыштығы
— бір процестің 2-ші процеспен алмасу, шапшаңдығы. 
бұл мидың кездейсоқ және қолайсыз өзгерістерге бейімделуіне мүмкіндік береді. Осы 
қасиеттердің түрліше араласып, қосылуы жоғары нерв қызметінің түрлі типтерін 
сипаттайды. 
Осылардың ішінде 4 тип жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін И.П.Павлов күшті 
типке, біреуін-әлсіз типке жатқызады. 
Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық 
негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов 
сангвиниктерді 
ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы 
мен тежелуі тең, қозғалғыш адам — 
холериктерді 
ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы 
тежелуінен басым; 
Флематиктерді
нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең 
болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; 
меланхоликтерді
— нерв жүйесі әлсіз типті 
адамдар деп сипаттайды. 
Мінез 
«Мінез» гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мағынасы- із қалдыру. Мінез - 
әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің 
жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әр қилы жағдайда байқалып, 
адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері - адамның даралық 


өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адамның бойындағы ерекшеліктердің бәрі 
бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл-
ойының тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайтынды.
Мінезді классификациялауға алғаш қадам жасаған Платон болатын. Ол мінездің 
типологиясын этикалық принциптерге сүйене отырып жасады. Адам мінезінің даралық 
ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек 
философы Теофраст (б.з.д. ІУ-ІІІ ғғ). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән 
қасиет дейді. Алғашқы кезде мінез адамның әлеуметік-адамгершілік ерекшеліктерін 
білдірген.
ХІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара 
адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т. Рибо 
мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, орыс медигі әрі педагог П.Ф. Лесгафт ерік қасиеті 
деді.
И. Кант (18 ғ) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда 
болатын қасиет деп анықтады. Сонымен қатар ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа 
пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайа болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетті. Мінез 
жөніндегі осында йекі түрлі көзқарас әлі күнге өзара тартыс туғызып келеді.
И.П. Павлов қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне орай адам мінезінің 
типтерін мынадай үш түрге бөледі:
1. Ойшыл тип – бұл негізінен сөзбен байланысты екінші сигнал жүйесі рефлекторлық 
қызметінің басымдылығы. 
2. Көркем тип - бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылылығы.
3. Орташа тип - мұнда екі сигнал жүйесінің бір де бірі басымдық көрсете алмайды. 
Адамдардың көпшілігі осы орташа типке жатады.
Мінездің құрылымы мен қасиеттері
. Адам мінезінің құрылымы әрқилы 
қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне 
тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден 
құрылған бір тұтас бірлікті мінез құрылымы дейді.
Мінездегі қасиеттер жүйесі
. Психологияда мінез топтастырылып мынадай төрт 
түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады:
1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, жауапкершілікпен 
қарау, жалқаулық , немқұрайдылық т.б. 
2. Ұжымға, адамдарға қатысты ққасиеттері: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, 
асқақтық, менсінбеушілік. 
3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, , даңғойлық, тәкәппарлық, мақтаншақтық, 
өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілдік.
4. Заттарға қатысты: ұқыптылық, салддыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы мен 
ұқыпсыздығы.
Мінездің қалыптасу заңдылықтары
. Мінездің жекелеген қасиеттері адамзаттың 
сыртқы ортамен және өзге адамдармен қарым-қатынасында байқалады. Адамның өзінің 
материалдық мұқтаждықтарын қамтамассыз етуі, жұмыссыздығы не болмаса болашаққа 
деген сенімділігі немесе сенімсіздігі, әлеуметтік теңсіздік – мұның бәрі де адам мінезінде 
терең із қалдырады. Әрбір адамның мінез-құлқының сипатына әсер етеді.
Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасып, дамиды. Отбасындағы 
климаттық ахуал балалардың мінезінің қалыптасуына үлкен әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет