Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет24/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Механикалық есте қалдыру 
Материалдардың ішкі мазмұны қадағаламай, сыртқы байланыстарын түсінбей 
(ұқпай) есте қалдыру 
механикалық
болады. Механикалық есте қалдырғанда, үйреніп 
отырған 
материалдардың 
бөлшектерінің 
қалай 
ұштасқаны-сөздің, 
қимылдың 
алдыңғысының соңы, кейінгісінің алды қалайша түйіскені - есте қалады. Үйреніп 
отырғанымыз сөзбен айтылатын материал болса, сөздер бұлжымастан естіген ,оқыған 
қалпында есте қалады да, сөздер материалын ескеруіміз кетеді. Мысалы, меруерт және 
мандарин сөздерінің бірінен соң бірін айтып, бірнеше рет пысықтасақ, арасында іргелес 
ассоциация жасалады да, кейін біреуін айтқанда, екіншісі еске түседі. Шет тілден 
үйренген сөздер, ғылымның қиын атаулары, уақиғаның даталары, телефон нөмерлері
көшенің , кісінің- әсіресе шет ел адамдарының- аттары механикалық есте қалады.
Мағыналы есте қалдыру 
Материалды жақсы ұғынып, терең түсініп, мағыналы байланыстарын, маңызды 
қатынастарын анықтай отырып еске түйіп қалу 
мағаналы есте қалдыру
болады. Есте 
қалдыруды мағаналы ететін-ойлау. Ойлау процесі есте қалдырып отырған материалды
нәрсені анализдеп, синтездеп, дерексіздендіріп, жалпылай отырып, нәрсе мен адамның 
өмір тәжірибесінің, білімінің және нәрсенің құрамындағы элементтердің арасындағы 
шынайы байланыстарын, маңызды қатынастарын анықтайды.
 
 
 
 


Бақылауға арналған сұрақтары:
1. Түйсік және қабылдаудың анықтамасын айтыңыз? 
2. Түйсік пен қабылдаудың түрлері, ерекшеліктері мен өзара байланысы қандай? 
3. Психологиядағы қиялдың анықтамасы? Қиялдың түрлері атаңыз? 
4. Ес және оның түрлері?
5. Психологияда естің қандай теориялары бар? 
6. Зейін дегеніміз не?
7. Зейіннің физиологиялық негізі, түрлері, қасиеттерін атаңыз? 
8. Ойлау дегеніміз не? Ойлаудың түрлері мен ой қорытындыларын атаңыз? 
9. Сөйлеу дегеніміз не? Сөйлейдің түрлерін атаңыз?
10. Сөйлеудің негізгі қызметін атаңыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет