Дәріс 8.
Психикалық күйлер
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1.
Психикалық күйлер туралы ұғым.
2.
Психикалық күйлердің көріну деңгейі. Психикалық күйлердің жіктемесі.
3.
Эмоция және сезім.
4.
Психологиядағы ерік мәселесі. Еріктік сапалар.
5.
Қажеттіліктер, мотив.
Көңіл-күй - адамның психикалық процестерге , барлық қызметіне, соның ішінде оқу
материалын меңгеруге әсер ететін эмоциялық жағдайы. Көңіл-күйіне қарап адамды: шат,
жайдарлы, көңілді, жылы жүзді дап ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл-күй адамға қуат
беріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жүнжітіп, жабырқатып жібереді. Кейде адамның
көңіл-күйі жалпы өмірге деген қатынасын сипаттайды. Мысалы, адамның қызметі жақсы,
жұмыс істейтін орны ынтымақты, отбасы жарасымды болса, мұндайда оның көңіл-күйі
көтеріңкі болады. Адамның денсаулық жағдайы, жүйке-жүйесіндегі ерекшеліктері де
көңілге әсер етеді. Тіршілік ұшін мәнді де, маңызды нәрсе көңілге ерекше із қалдырады.
Егер көптен айналысып жүрген іс оңға басса, орындалса, онда адам шат-шадыман кұйге
түседі. Керісінше адам сәтсіздікке ұшырап, көздеген мақсатына жете алмаса, қиналып
мазасызданады. Ерік-жігері кұшті, рухани өмірінің мазмұны бай, ұстаған идеясына сенімі
мол адамдар қандай ауыр жағдайларда да өздерін көтеріңкі сергек ұстайды. Көңіл-күйін
меңгере білу кімге болса да аса қажетті қасиет.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажетіне сәйкес келу-
келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп
атайды. Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі.
. Шаттану, мұң, үрей, қуаныш, қорқу, масаттану, өкіну, - бұлардың бәрі сезімдер мен
эмоциялар. Егер қабылдау, түйсік, ой жөне елестерде сан алуан заттар мен
құбылыстардың әр түрлі сапалары мен қасиеттері, әр түрлі байланыстары, тәуелділіктері
бейнеленсе, эмоция мен сезімде адам танып білетін заттар мен құбылыстардың
мазмүнына өзінің қатынасын білдіреді. Адамның қоршаған ортасы мида бейнелене келіп,
сезім затына айналатын объективтік қатынас пайда болады. Эмоция мен Сезімдерден
адамның өз мінез-қүлқына, қылығына, пікіріне, әрекеттеріне қанағаттануы немесе
қанағаттанбауы көрінеді.
Эмоция және сезім — бұл адамдардың айналадағы өмір шындығына және өз басына
деген өзіндік қарым-қатынасы.
Сезімдер - өте күрделі психикалық процссс. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу
қажет. Жануарлар
Достарыңызбен бөлісу: