Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет22/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

2.
 
Зейіннің бөлінуі-
адамның кез- келген іс- әрекет үстінде зейіннің бір мезгілде 
бірнеше обьектіге бағытталуын айтады. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен 
азайту амалмен есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін байқаймыз.Мұндай бір 
әрекет екінші әрекетке кедергі болады. Іс- әрекет үрдісінде зейін бір- ақ нәрсеге ауады. 
Себебі оның физиалогиялық негізі – ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының 
жалғыздығы.Күнделікті өмірдегі іс- әрекетінде адам өзінің зейіннін бөле білдіруді 
жетілдіре, тәрбиелеу керек. 
3.
 
Зейіннің шоғырлануы-
адам санасының белгілі бір обьектіге айырықша 
бағытталуы. Зейіннің шоғарлануы оның көлемімен, бөлінуімен де тығыз байланысты. 
Зейін бағытталған обьектілер саны неғұрлым аз болса, шоғырлану соғұрлым күшті 
болады. Іс- әрекетті дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу 
керек. Зейін шоғырлануының физиалогиялық негізі – қозудың оптималдық ошағы 
туғызатын, бір уақытта пайда болатын теріс индукция. 
4.
 
Зейіннің тұрақтылығы –
оның обьектіге бағытталып, ұзақ уақыт бойы 
шоғырлануын айтады. Зейіннің бұл қасиеті жүйке үрдісінің күшіне, әдеттерге т.б 
жағдайларға байланысты. Зейіннің алаңдауы – тұрақты зейінге қарама- қарсы сипат.Ол 
зейіннің толқуынан көрінеді.
Мысалы: квадрат салынған бейнеге ұзақ уақыт қарасақ 
онда оның қозғалғандығын байқауға болады. Ал көңілді қайта тұрақтандырсақ онда 
орнына келеді.
Бұл тәжірибе зейіннің тұрақтылығына арналған мысал болады. 
5.
 
Зейінің ауысуы-
зейіннің бір обьектіден екінші обьектіге әдейлеп көшуін 
айтамыз. Зейіннің ауысуының толқудан айырмашылығы – оның саналы түрде 
болатындығын. Іс- әрекет үстінде адам алдына жаңа міндеттер қойып, зейінін бір 
обьектіден басқа обьектіге не сол обьектінің бір қырыннан екінші қырына ауыстырып 
отырады. Зейінің бұл қасиетінің физиалогиялық негізі – қозудың оптималдық ошағының 
тежеліп, жаңадан жпсалуы. Зейіннің ауысуы жүйке үрдістерінің қозғалғыштарына – қозу 
мен тежелудің тез ауысып отыруына байланысты.Бұл кейде күшті тітіркенгіштердің 
әсерінен де болуы мүмкін. Себебі: қатты тітіркенгіштер баяу ауысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет