ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 111
Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі
бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа
жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед
Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және
Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке
бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең
бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе
дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дәл осы аймақтарында 17
сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің
азаматтары ұсталған болатын.
–Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік.
Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. Олардың
жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы,
құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді экологиялық
жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди.
Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар
қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы
құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың
доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық
күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да
бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін
ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін
қажет.
13. Мәтінде кейіпкер көзқарасы қай абзацта бейнеленген?
A)4
B)5
C)3
D)2
E)1
14. Мәтіннің бірінші абзацы қандай мақсатта берілген?
A)Экологиялық бағдарламаны жүзеге асыру
B)Құстарды еркіндікке жіберу туралы
C)Араб Әмірлігімен бірге жұмыс жасауды насихаттау
D)Құсбегілік қазақтың ұлттық өнері екендігін жеткізу
E)Ақсүйектердің саятшылық өнерін дәріптеу
15. Неліктен сұңқарды ұшырғаннан кейін соңынан көгершінді ұшырған?
A)Машығын еске түсіру үшін
B)Сұңқарға көмектесу үшін
C)Құстардың серіктесіп ұшуы үшін
D)Көгершінмен салыстыру үшін
E)Оларды жарыстыру үшін
16. Соңғы абзацтың төртінші азатжолға қатысы қандай?
A)Ойды баяндайды
B)Ойды сипаттайды