Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева Т.М. Грабенко « Чудеса на песке» практикум
по песочной терапии. Из-во « Речь» 2005 год
2. Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева Т.М. Грабенко « Игры в сказкотерапии» СПб
2008
3. М.В. Кисилева «Арт-терапия в работе с детьми»СПб 2006
4. Балапанов Е .Қ.Бөрібаев Б.Б. Ақпараттық мәдениет негіздері. Әдістемелік
нұсқау-Алматы,2005жыл.
5. Венгер Л.А. Қабылдау мен оқыту-М.Просвещение 1969жыл
6. Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева Практикум по сказкотерапии СПб 2013
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ
ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІН
ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Курманкулова Д.А Жапарова А.З.
МКҚК «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы
Аннотация
: в данной статье рассмотрены виды современных
технологий, их описание, способы реализации в практике работы
дошкольного образовательного учреждения.
Внедрение новых технологий в образовательный процесс дошкольных
учреждений способствует более эффективному воспитанию ребенка,
который стремится научиться к государственному языку, а также хочет
получать новые знания об окружающем мире.
Ойын технологиясы, тілді құрметтеу, дыбысталу мәдениеті.
Қазақстан Республикасының Конституциясында аталғандай
мемлекеттік тілді еркін игеру - ол ойын жеңіл де қиындықсыз жеткізе білу
298
қабілеті. Осы дәрежедегі деңгейге жету үшін тілді үйрету жұмысы мектепке
дейінгі кезеңнен белсенді білім, білік, дағды және қабілеттерімен бастау
алуы қажет.
Тәрбие басы- тіл, сондықтан мектепке дейіңгі мекемелерде қазақ
тілін үйрету оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қамтиды. Балалық
шақтан бастап-ақ саналы тәрбие ретінде қазақ тілін үйренуге тәрбиелеудің
түп негізі- балабақшада қалыптасады.Қазақ тілінде сөйлеуде балалардың
тілі жылдам даму үшін оны қоршаған адамдар да осы тілде қарым –
қатынас жасап араласуы қажет. Мектеп жасына дейінгі балалар көрген-
білгендерін қарапайым түрде айтады немесе сұраққа бір сөзбен жауап
береді. Осы жерде туындайтын басты мәселе:
Қарым-қатынас жасайтын ортаның тығыздығы, қазақ тілінде сөздік
қорының аздығы, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы;
Қойған сұрақты түсінбеу, сұраққа дұрыс жауап бере алмауы, үйренген
сөздерден сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы.
Сондықтан балалардың ой – өрісін кеңейтіп, қиялына қанат бітіріп,
ойлау, таным қабілеттерін жетілдіру, тапқырлыққа баулу үшін жаңа оқу
технологияларын пайдалану өте маңызды.
Мектепке дейінгі мекемелердегі өзге ұлт өкілдерінің балаларына қазақ
тілін үйретуге қойылатын мақсаттар:
Басқа ұлт өкілдерінің балаларына қазақ тіліндегі сөздік қорларын
молайту, қазақ тілінде сөйлесе білуге үйрету.
Сабақта өтілген сөздерді пайдаланып,сөз тіркестерін, сөйлемдерді
дұрыс құрастыруға жаттықтыру.
Берілген тапсырмаларды дұрыс орындау, не істегені туралы айтып
беруге үйрету.
Байланыстырып сөйлеуге, әңгіме құрастыруға үйрету. Тақпақ, мақал-
мәтел, жаңылтпаштар жаттап айтуға үйрету.
Балалардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Қазақ тілінде сөйлеуге, тілді құрметтеуге, достыққа, отансүйгіштікке
тәрбиелеу.
Қоршаған ортадан, табиғаттан, күнделікті өмірде көрген-білгенін
қазақша айтуға дағдыландыру.
Заман талабына сай әр ұстаз өз сабағын жаңаша ұйымдастырып,
шығармашылық ізденіспен өткізеді. Сабақтарында әр түрлі жаңа
технологияларды пайдаланады. Қазіргі таңда инновациялық жаңа
технологиялардың көптеген түрлері бар. [1.15]
Атап айтсақ сын тұрғысынан ойлау, тірек – сызба технологиясы,
дамыта оқыту, деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы, ойын
технологиясы т.б.
Сол технологиялардың бірі - ойын арқылы оқыту технологиясы. Оқу
үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жасына және психологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген
тақырыптарды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни
299
оқу қызметінің кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде
пайдаланылады. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, ойын арқылы білім
алады, жан- жақты дамиды.
Ұлттық ойындар Рөлдік ойындар Театрландырылған
сюжеттік ойындар
Дидақтикалық ойындар Фонетикалық
ойындар
Логикалық ойындар Қимылды ойындар Зияткерлік
ойындар
Алғашқы тіл сабақтарынан бастап, баланы өзге тілде сөйлеуге
құлшындыратын айналасындағы зат, құбылыстардың қазақша атауларын
үйрету үшін қолданылатын ыңғайлы әдістердің бірі – дидактикалық
ойындар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты
міндеттерді шешеді. Әр түрлі топтағы балалардың шамасына қарай
берілетін бағдарлама материалдарын меңгертуді, үйренген білім
дағдыларын бекіту жұмыстарын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге
асыруға болады. Дидактикалық ойындардың түрлерін балалардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес қолдану қажет. Баланың ауызекі тілде сөйлеуін,
тілдің дыбысталу мәдениетін, байланыстырып сөйлеу мен сөздік қорын
дамыту үшін сабақта және үйде ойналатын дидактикалық ойындардың
маңызы зор. Дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес шарты нақты
көрсетіледі. Ойын шарттары мен көрнекіліктерді пайдалану арқылы
баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Қазақ тілін оқытуда
пайдаланылатын дидактикалық ойындар: балалардың сабақ үстінде алған
білімдерін бекітуге, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуге, қазақша сөйлеу
үлгілерін еркін қолдануына бағыт береді, ұйымшылдыққа үйретеді.
Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі өзге ұлт балаларының
тілдерін дамытуда өте маңызды рөл атқарады. Әр сабақта ойынды тиімді
пайдалану арқылы сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін,
баланың ынтасын арттыруға болады. Сонымен қатар, бұл сол сабақтағы
өтілетін жаңа тақырыпты баланың жақсы меңгеруіне ықпал етеді.
Дидактикалық ойын барысында балалардың зейінін, жылдамдықтарын,
тапқырлықтарын, байқағыштық қасиеттерін дамыта отырып, дыбыстарды
ажырата білу мен сөздік қорын молайтуды жүзеге асыруға болады.
Ойын
300
Дидактикалық ойын арқылы тіл үйрету тиімді әрі нәтижелі болары сөзсіз.
[1.87]
Өз жұмысымда жиі қолданатын жаңа инновациялық технологияның бірі
- деңгейлеп оқыту технологиясы.Баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның
жан-жақты дамуына бағытталған. Деңгейлеп оқыту технологиясында
баланың жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып, жеңілден ауырына қарай
деген принципті қолданып, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына
ықпал етіледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі сатылары:
1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
2. Төмен деңгейлі, жоғары деңгейлі тапсырмалар беру.
3. Балалардың тақырыптан алған білімдерін бекіту.
4. Балалардың білімін бағалау.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:
1. Әр баланың қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.
2. Деңгейі төмен балалармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;
3. Дарынды баланың тереңірек білім алуына жағдай жасау;
4. Баланың ынтасын, қабілетін арттыру.
Топтағы балалардың деңгейлері әртүрлі болғандықтан тапсырмаларды
деңгейлеріне қарай беру арқылы оларға тіл үйретуде елеулі жетістіктерге
жетуге болады. Деңгейлеп оқыту технологияның тиімді тұстары:
- баланың пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
- баланы шығармашылық жұмысқа баулиды;
- мұғалімнің уақытын үнемдейді. [2.93]
Coнымен бірге инновациялық технологияның тағы бір түрі- Эйлер
Венн диаграммасы. “Венн” диаграммасын қолдану арқылы заттардың
ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Ересек топтарда өтілген
тақырыптарды қорытындылау кезінде осы технологияны пайдалану тиімді.
Мысалы: «Жемістер» және «Көкөністер» тақырыптарын бекітуде ұстаз
балалардан алма мен қызанақтың ұқсастығын мен айырмашылығын табуды
сұрайды. Балалар олардың ұқсастығы - пішіні, түстері екендігін айтса, ал
айырмашылығы – өсетін орны, дәмдері, біреуі -жеміс, екіншісі көкөніс деп
жауап береді.
Жаңа технологияларды қолданудың тиімділерінің бірі – “Сын
тұрғысынан ойлау” технологиясы. Мұнда әр баланың ойы шыңдалып, өз
даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Бұл технологияда бұрынғы
білім мен жаңа ұғым ұштастырылады, бала өз шығармашылығынан
қабілетін таныта алады. Мұнда балаға ойланып-толғануға уақыт берілуі
керек, ойын айтуға бала шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту
керек. Ұйымдастырылған oқу қызметінің қай құрылымында бoлмасын
мұғалім “Сен не түсіндің?”, “Нені білгің келеді?” және «Сен неге бұлай
ойлайсың?» деген сұрақтарды балалардан сұрап oтырғаны жөн.
301
Тағы өте кеңінен тараған ең тиімді әдістерінің бірі ТРИЗ. Бұл әдіс
бойынша баланың шығармашылық қиялын, ой – өрісін, ойын, тілін дамыту
үшін бала көп сөйлеу керек, өз ой-пікірін толық айтуы тиіс.
Бұл әдіске қысқаша тоқталатын болсам:
– балалардың логикалық және абстракты oйлау қабілетін, қиялын
дамытып қана қоймайды, oларды зейін қоюға үйретеді.
- балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа
біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге үйретеді.
Балалармен жұмыс жасаудағы осы технологияның негізгі құралы
педагогикалық ізденіс болып табылады. [3.9]
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Қорыта айтқанда
инновациялық технологиялар оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін
тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға, басқа жаңа
технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар
жүргізуге бағытталған. Мұндай технoлoгияларды қолдану оқу іс-әрекетін
тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, баланың тіл үйренуге қызығушылығын
арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |