Список литературы
1.
Федеральный закон от 29.12.2012 N 273-ФЗ «Об образовании в
Российской Федерации (ред. от 25.11.2013; с изм. и доп., вступ. в силу с
01.01.2014) // http://www.consultant.ru/
2.
Ильин, И.А. Душа ребенка / И.А. Ильин // Очаг. – 1993. - №9
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Тугалбаева З.З.
Жамбыл ауданы,Есперлі негізгі орта мектебі
«Қазіргі заманда жастарға жаңа технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә. Назарбаев
«В современном мире молодежи с новыми технологиями в зависимости
от мировых стандартов заинтересованное новое образование очень нужно»
Назарбаев Н.А.
Мектепке
дейінгі
ұйымдардағы
педагогикалық
үдерістердің
инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін
тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны
ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда
педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша
педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс
дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру
орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру
стандартын жүзеге асыруға бағытталған.
Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие
жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады.
Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу
қажет:
«Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы». Оның мақсаты:
Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру. Қазіргі таңдағы білім беру
технологиясының қатарына мыналар кіреді:
81
Ал технологиялық білім дегеніміз-білім,біліктілік,интелектуалдық
кәсіптік әдіс -тәсілдерді қолдану. Жаңа технология бойынша білімді үнемі
бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушілерге меңгертіп отырсақ,балалардың жаңаша
көзқарас
үрдісі
дамиды.
Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Біз күнделікті оқу
іс-әрекеттерін
Тәй-тәй
технологиясының
элементтерін
пайдалана
отырып,орталықтарға бөліп ұйымдастырамыз,бұл технологияның тиімділігі
балалардың қай салаға жақын екендігі айқындалып, ата-анамен байланыс
нығаяды. Сонымен қатар түрлендіріп қойылым ойындарын көптеп
қолданамыз,бұл ойынның мақсаты бала белгілі –бір бейнені орындай
отырып,өзіне деген сенімділік пайда болады. Баланың жан-жақты дамуында
дамытушы ортаның маңызы зор. Қазіргі таңда шағын орталығымызда
Монтессори технологиясына көптеп көңіл бөлініп, бөлмеміз керекті құрал -
жабдықтармен дайындалып жасақталуда. Монтессори технологиясын
қолдану арқылы балалардың қол маторикасын дамытып, өз беттерінше
жұмыстар
атқарып,
қиыншылықтарды
жеңе
білуге,еркін
ойлауға
тәрбиелейміз. Кез-келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық
психологиялық,педагогикалық шеберлікті, бала дүниетанымын терең танып,
ұғына білуді мақсат етеді. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді
пайдалану және оны ұйымдастыруға ақпарат құралдары да, талапқа сай болу
қажет.
Қазіргі таңда ешбір жас ұрпақ білімсіз болып қалмауы тиіс. Міне, жаңа
технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып,білімді
ұрпақ тәрбиелейді.Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар.Бала
толыққанды жетіліп,ата-анамен байланыс күшейеді. Жаңа технологиялар
бала бойына білімге әуестік,білімқұмарлыққа баулуы тиіс.Білім беру
үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын
толықтырып,жаңаша көзқараста,жаңа технология бағытында жұмыс
жүргізіп,баланың өмірін жаңаша ортада,жаңа бағытпен ұйымдастыру.
Бала құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан бастау алады. Бұл
бастаманың негізгі міндеті балаларды заман талабына сай,әлемді шынайы
82
қабылдауға дайындау. Болашақта балалар өз жолында кездескен
қиыншылықтарды жеңуге,шешім қабылдауы тиіс.Ендеше баланың ойлау
қабілетін жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын
үйренейік,үйретейік.Өйткені оқыту технологиясы педагогикалық үрдістің
сапасын жетілдіруді талап етеді.
Денсаулық сақтау технологиясы.
Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты: Баланың денсаулығын
нығайтуға,білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту ұйымдары,баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің
қалыптасыуна үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму
жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен
тығыз байланыста болады:
Мектепке дейінгі мекемелермен.
Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы.
Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар.
Педагогтың кәсібі құзіреттілігі.
Балалардың денсаулық көрсетілімі.
Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі:
Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық
талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану
және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу.
Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын нығайтып,
шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсартуда
шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.
Денсаулық сақтау технологиясына сенсорлық дамыту ортасын ендіру.
Жобалау шығармашылық технологиясы.
Мақсаты: Әлеуметтік тұлғалық тәжірибені дамыту және байыту.
Біз,тәрбиешілер өз іс әрекеттерімізде жобалау технологиясын қолданамыз.
Жобалау классификациясы «Ойын түрінде» барлық топтың қатысуымен
өткізілетін сабақтар
(ойындар, ұлттық билер, драматизациялау, әр түрлі көңіл көтерулер)
«Саяхаттау» қоғамдық өмірдегі айналамен танысудағы қиындық мәселесін
шешуге бағытталады.
«Баяндау» Балалар өз сезімін көркемдеп,музыка
арқылы,ауызша,жазбаша,жеке дауыста жеткізуді үйренеді.
«Құрастыру» анық пайдалы заттарды жасауға бағытталған;
(құс ұясы, гүлзарлар құрылымы.) «Жоба түрлері»
Басымдылық әдістемесі бойынша.
-Іздену.
-Ақпаратты.
-Шығармашылық.
-Ойындар.
83
-Болған жағдайлар.
-Практикалық бағыттаушы.
Мазмұны бойынша төмендегідей:
-Баланы және оның отбасын қатыстыру
-Бала және табиғат.
-Бала және қоршаған әлем.
-Бала,қоғам және мәдени құндылықтар.
Триз технологиясы міндетті түрде қолданылады.
Экспериментті-ізденіс әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру.
-Шығармашылық.
-Эверистикалық әңгімелер
-қиындық туғызатын сұрақтардың шешімі мен құрылымы.
-Бақылау.
-Модульдік (жансыз табиғаттың өзгерістерінің модульін құру)
-Тәжірибелер.
-Қорытындысына баға беру.
Бақылау,тәжірибе,эксперименттер,еңбек іс-шаралары.
«Жүктеу»бояуға,дыбыстауға, табиғаттың бейнесі және иістер.
-табиғаттың дыбыстарына, дауыстарына еліктеу.
-көркем сөздерді қолдану.
-дидактиқалық ойындар, үйретуші ойындар және шығармашылық даму
жағдайлары.
-еңбек ету
Ақпараттық –қатынастық технологиясы
Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады.
(қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы)
Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер
қояды:
Міндеттері:
-жаңа заманға қадам басу
-жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу.
-компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау.
-Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.
-педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың
құзыреттілігін көтеру.
Бағдарламаны жіктеу
-ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
-шет тілінде сөйлейтін сөздік
-қарапайым графикалық редактор
-ойын-саяхаттар.
-оқуды, математиканы үйрету.
М. Монтессори педагогикалық технологияларын балабақшамызда
ендіру, Қазақстан 30 дамыған елдердің қатарына кіруге бетбұрыс жасап
84
отырған сәтте, ерікті, өз басының қадір - қасиетін сезетін, дербес,
қабылданған шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға қабілетті адамдардың
пайда болуын қажет етіп отыр. Мұндай адамды тәрбиелеп шығару үшін,
қазіргі заманның сұранысына жоғарғы дәрежеде жауап беретін
бағдарламаны, жеке тұлғаны тәрбиелейтін технологияны табуы керек.
Осыған
байланысты
біздің
балабақшаның
педагогтарының
аса
қызығушылығын туғызып отырған емін - еркін тәрбиелеу ұжымының
практикалық тиімділігінің тамаша көрінісі болып табылатын М. Монтессори
тәрбиелеу мен оқыту жүйесі болып отыр, бұнда басты назар бала болса, ал
ересек адам – баланы жеке тұлға етіп тәрбилеуде кәсіби көмекші әрі
бақылаушы есебінде болады. М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі
көпшіліктің есебі бойынша әлемдегі ең үздік 10 педагогиканың бірі болса,
көптеген мемлекеттерде ең таңдаулы педагогика болып есептеледі. М.
Монтессори жүйесінің ең басты принципі: әрбір бала жеке жоспар бойынша
арнайы дайындалған ортада жеке өз бетінше дамиды, жетіледі, ал негізгі
ұраны: «Мен өзім жасауыма көмектес». Ересек адамның атқаратын қызметі;
әрбір балаға жеке даму жолын тауып беріп, олардың табиғи қабілеттерін
ашу; М. Монтессоридің жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі: ересектер дамитын
орта, дидактикалық құралдар.
Достарыңызбен бөлісу: |