жаңа бір күн басталып келе жатыр. Алла Тағала бүгін де
маған өмір сыйлады. Егер жанымды алғанында, әлбетте, бір
күнге болса да бұл дүниеге қайтарылып, ізгі амалдар істеуді
өтінер едім ғой. Олай болса,
қазір өлдім, сосын дүниеге
қайтуыма бір күн мұрсат берілді деп ойла. Бүгін күнәлі
істердің маңына жуыма, уақытыңның бір сәтін де босқа
өткізбе. Өйткені әр алып-шығарған тынысың – баға жетпес
нығмет!»
280
Өмір бір дем алумен басталып, келесі бір дем шығарумен
аяқталмақ. Жаратушымызға қауышу үшін алғаш алған демімізді
қайта ақтық деміміз ретінде шығарудың кезегін күтудеміз.
Бұл дүние – еңбектенудің, ақырет – жемісін көрудің мекені.
Ақыретте бір нәрсе табу немесе жоғалту деген болмайды.
Осы тұрғыдан бұл дүниедегі уақыттың құны тым жоғары. Ол
– бес күндік жалғандағы шектеулі уақытта шексіз рақатқа қол
жеткізудің мүмкіндігі.
Ақыреттік іс, дүниелік іс
деп бөліп жармай, әрбір ісімізде
ақыреттік табысты көздеуге тырысайық. Барлығын Алла
разылығы үшін, сүннетке сай жасауға тырыссақ, мал табу ісі,
демалу мен тамақтануға дейін сауапты амалға айнала алады.
Ақыретке иманы жоқ тек бұл дүниеде шектеулі уақыт өмір
сүретінін ойлайтын батыстықтар сол уақытын барынша тиімді
пайдаланып, өмірде көптеген жетістіктерге жетіп қалуға
ұмтылып жатқанда осы дүниедегі
әрбір сәтіміз ақыреттегі
мәңгі
өміріміздің
сапасын
белгілейтінін
білетін
біз,
мұсылмандар, уақыт мәселесінде олардан да мұқият болуымыз
қажет емес пе?
Алла Тағаланың әділдігімен олар уақытты дұрыс пайдалана
отырып, бағындыруға тырысқан шыңдарына жетіп, жетістік
пен жеңістің дәмін татып отыр. Ал мұсылман баласы уақытын
тиімді пайдаланса, екі дүниеде де орасан зор жетістікке жете
алмақ. Осы жолда әрекетін жасап тырысып бағу мен ісінің
жеңілдігін тілеп Алладан дұға етуді қатар алып жүретін болса,
әрбір мұсылман жан мұрат еткен шыңдарын бағындыра
алады.
Жетістікке жету үшін өз
уақытыңыз бен қабілетіңізді
басқаша қолдануыңызға тура келеді. Уақытыңызды сондай
дәрежеде тиімді пайдаланыңыз. Тіпті «Ертең өлесің!» деген
хабар жетсе де, күнделікті іс-амалдарыңызға ештеңе алып-
қосудың қажеттілігі сезілмейтіндей болсын!
Уақытты барынша тиімді өткізу үшін, ең алдымен, «ерік-
жігер» қуатын ең жақсы түрде қолдана білу керек. Өйткені
адамның бойындағы ерік-жігер
өзге рухани қуаттардан
жоғары болады. Ерік-жігер қуатының әрекетке көшуі үшін өз
білгендерін амалға асыратындай «тірі» иман керек. Сонымен
қатар уақыттың ең лайықты түрде пайдаға асуы көңілдерде
орныққан
Алланы
тану
мен
жауапкершілік
сезіміне
байланысты.
«
Нағыз ақылды – әрдайым өз-өзін есепке тарта отырып, ізгі
Достарыңызбен бөлісу: