219
Аралық заттың күйі мен құрылысы түрлі жағдайларға байланысты
ӛзгеріп отырады. Мысалы, оның ӛткізгіштігі ӛзгереді.
Негізгі зат заттардың алмасуында маңызды рӛл атқарады. Сонымен бірге
бактериялардың организмге таралуына кедергі болады.
Негізгі затта
коллагендік, ретикулалық және эластиндік талшықтар орналасқан.
Коллагенді талшық
дәнекер ұлпаға мықтылық қасиет беретін, әртүрлі
бағытта, немесе ретімен орналасқан қалыңдығы 1-3 мкм, ал
ұзындығы
әртүрлі болып келетін фибриллярлы белок. Тармақталмайды,
бірнеше
талшықтар қосылып шоғыр түзейді. Пісірген кезде алдымен ісінеді,
сонан
кейін еріп, желімге айналады. Осы қасиетіне қарай коллагенді деп атаған.
Эластинді талшықтар
эластин белогінен түзілген, физикалық қасиетіне
қарай бұларды эластикалық немесе серпінді талшықтар деп атайды. Серпінді
талшықтардың қасиеттері коллагендік талшықтарға карама-қарсы. Олар ӛте
созылмалы, оңай үзіледі және шоғыр құрамайды.
Құрамында
микрофибриллалар мен аморфты компоненттер бар. Пісіп жетілген
эластин талшықтарының құрамының 90%
аморфты компонент, 10%
эластин белогы.
Ретикулалық талшықтар
жай әдістермен ӛңдегенде нашар байқалады.
Дәнекер ұлпаны күмістің тұздарымен ӛңдегенде жақсы кӛрінеді, сондықтан
аргирофилдік
талшықтар деп аталған. Бұл талшықтар ӛте жіңішке,
қысқа, жиналған кезде тор түзеді, ретикулалық (ретикула — тор) деп
аталуы осы қасиетіне байланысты.
Борпылдақ дәнекер ұлпасы
талшықтарының арасында, құрылымы жоқ негізгі заттар болады. Оны
жасуша
аралық заттардың
Достарыңызбен бөлісу: