220
амин қышқылдарының сандық қатынасы
жағынан айырмашылығы бар
және ретикулалық талшықтарда қышқыл мукополисахаридтер болмайды,
липиттер кӛп болады. Ретикулалық ұлпа организмінің кӛптеген жерінде,
әсіресе сүйек майында, кӛк бауырда,
лимфа бездерінде, тамақтың
бадамша бездерінде ішектің кілегейлі қабықшасында кӛп болады.
Ретикулалық ұлпаға фагацитоздық қасиет тән. Кӛк
бауыр мен лимфа
бездерінің ретикулалық ұлпасы арқылы үнемі қан мен лимфа сүзіліп
отырады. Сондықтан ретикулалық жасушалар бӛгде белокпен бірінші
болып
кездесіп, оны ұстайды да макрофагтарға айналады. Мұндай
қасиет бүйректің, бүйрек үсті бездердің және кӛптеген
басқа бездердің
капиллярларының эңдотелийіне тән. Жалпы қорғаныш қасиеттері бар
дәнекер ұлпасының барлық элементтерін
бір тұтас аппаратқа біріктіріп,
ретикуло-эндотелиалдық жүйе
деп атайды. Бұл жүйе организмде
қорғаныш қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: