Негіздері



Pdf көрінісі
бет179/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

105 – сурет. Қан тамыры 
қабырғасының 
ультрақҧрылымдық 
ҧйымдасуы. 
1 — эндотелиоцит, 2 — 
базальді 
мембрана, 

— 
перицит, 4 — пиноцитозды 
микрокӛпіршік,
5 — эндотелиалді жасушалар 
арасындағы жанасу зонасы 
( Козлов бойынша). 


218 
кӛрінеді, ал цитоплазмасы гематоксилин – эозинмен боялған кесінділерде 
солғын болып байқалады. Электрондық микросуреттерде жасуша денесінен 
цитоплазмалық ӛсінділердің тарайтыны кӛрініс береді.
Пигменттік жасушалар 
адамның алғашқы борпылдақ қалыптаспаған 
дәнекер ұлпасында пигменттік жасушалар кездеседі. Пигменттік жасуша 
тармақталмаған ұршық пішінді болып келеді. Цитоплазмасында пигмент 
меланиннің ұсақ түйіршіктері бар. Пигменттік жасушалардың бір түрі 
пигментті ӛздері синтездейді, оларды - 
меланоциттер
деп атайды. Екінші 
түрінің фагоциттік қабілеті болғандықтан, дайын пигментті жұтып 
құрамына енгізеді. Пигменттік жасушалар кӛздің тамырлы және түсті 
қабаттарында, емшек ұшының маңында және басқа жерлерде де байқалады 
(106-сурет). 
 
 
Борпылдақ дәнекер ҧлпаның жасуша аралық заттары 
аморфты 
немесе негізгі заттан және коллагендік, эластиндік, ретикулалық талшықтан 
тұрады. Аморфты зат гель тәрізді сұйық құрылым, жасушалар мен 
талшықтардың арасын толтырады. Аморфтық заттың негізгі компоненті 
полисахаридтердің комплекісі – қышқыл мукополисахаридтер (гиалурон 
қышқылы, гепарин, хондроитин күкірт қышқылы) мен аздаған мӛлшерде 
нейтральдық мукополисахаридтер және бейколлагендік белоктар да 
кездеседі, қоймалжың субстанция, интегратты – буферлі жүйе деп 
аталады.
Дәнекер ұлпасының әртүрлі бӛліктеріндегі негізгі заттың мӛлшері 
біркелкі болмайды. Қылтамырлар мен ұсақ тамырлардың маңында және май 
қабаттары бар бӛліктер мен ретикулалық жасушаларға бай ұлпаларда негізгі 
зат аз болса, ал шығу тегі басқа ұлпалардың шекарасында (эпителиймен 
шектелген) негізгі зат кӛп болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет