28
1 – табаны, кӛлемді шойын, оның үстінде қалған бӛліктері орналасады; 2 –
саңылау, үстінгі жағында орналасқан, пышақ ұстағыш орналасқан шананың
жылжитын жолы; 3 – бүйір беткейлігінде шананы кӛтергіш механизмімен
ылдиға қарай жылжытатын бағыттаушы орналасқан; 4 – кӛтергіш механизм
үш қырлы призмадан тұрады; 5 – призма арнайы оправада орналасқан,
оправада призманы кӛтеретін бұранда мен призманы қажетті бағытқа
қаратып бекітетін тұтқасы бар, оправа шанаға бекітілген; 6 – блокты
қысқыштар ішкі және сыртқы рамадан тұрады, раманың бағытын ӛзгеріске
келтіретін винттер мен тұтқалар; 7 – пышақ шанасы кӛлемді, жылжуды
қамтамасыз ететін тұтқасы бар; 8 – пышақ ұстағыш, арнайы тұтқамен шанаға
бекітіледі, ол пышақтың горизонтальді бұрышын ӛзгертуге мүмкүндік
туғызады; 9 – қыстырғыш цилиндр тәрізді тығынмен жабдықталған, оның
тұтқа арқылы жылжуы пышақтың ылдилау бұрышын ӛзгертеді.
Микротомның ең күрделі бӛлімі – микрожеткізу механизмі. Ол келесілерден
тұрады: 10 – тарту күшімен тығыз байланысқан стерженнен, тіреуші мен
микровинттен тұрады. Автоматты түрдегі блокты микрожеткізу келесі түрде
жүреді. Пышақтың әрбір кері жүруі кезінде, пышақ шанасы микрожеткізгіш
стерженін итеріп оны жылжытады. Бұл процесс ӛз кезегінде тарту күшін
жылжытып, тірегішті бұрайды, оның бұралуы 11 – микровинтке конус тәрізді
тісті дӛңгелек арқылы беріледі, әрі қарай ол 12 – ажырайтын гайка арқылы
ылдилаған бағыт бойынша тӛменнен жоғарыға қарай қысқышы бар шананы
блокқа қарай жылжытады.
«Тарту күші мен стержень» жүйесі әрдайым арнайы пружинаның
кӛмегімен бастапқы қалпына оралып отырады.
Жылжымалы микротоммен кӛбінесе парафинде және целлоидинде
қатырылғын ұлпалардан кесінді жасалады. Құралдың аты, пышақ пен
объектіні қысып тұратын механизмнің арнайы шанамен блокқа қарай
жылжуынан шыққан.
Достарыңызбен бөлісу: