Негіздері



Pdf көрінісі
бет25/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

Гистоавторадиография 
– электрондар шоғырын бӛліп шығарушы - 
радиоизотоптарды қолдануға негізделген. Ол үшін жасушалардағы 
нуклеотидтерді, аминқышқылдарын және тағы басқа заттарды изотоптармен 
ӛңдеген соң, оларды организмге енгізеді. Кейін олар синтездік процестерге 
қосылады. Изотоптардың жарқырауы жасушадағы зат алмасу процесінің 
қарқынын білдіреді. Кейінгі кездерде элктрондық цито- (гисто-) және 
ауторадиография әдістері ашылған. Гистохимиялық әдістер сияқты 
гистоавторадиография да морфофункционалдық зерттеу әдістеріне жатады. 
Жасушалар мен ҧлпаларды витальды микроскопиялау
. Бұл әдіс 
бойынша жасушаларды арнайы қоректік орталарда ӛсіріп, бояғаннан кейін
микроскоппен зерттейді. Витальды микроскоппен зерттеу үшін арнайы 
бояулар қолданылады. Оған метиленді кӛк, кармин және тағы басқалары 
жатады. Жасушалар бояуды фагоцитоз процесімен сіңіргеннен кейін, анық 
кӛрініс береді.
Цитомикрохирургия
– жасушаларда микрооперацияларды ӛткізуге 
мүмкіндік береді – жасушаның бір бӛлігін алып тастау, ядроны бір 
жасушадан 
екіншісіне 
ауыстыру 
және 
тағы 
басқа. 
Ол 
үшін 
микроманипулятор қолданылады. Гистологияда тіндерді трансплантациялау 
әдісі кеңінен қолданылады. Кейіннен транспланттаттардың реципиент 
ұлпаларымен қарым-қатынастарын зерттейді.
Гибридизация әдісі
. Оның негізінде ДНҚ фрагменттеріне РНҚ 
фрагменттерінің комплементарлы түрде байланысуы жатыр. Бұл әдіс ДНК 
мен РНК нуклеотидтерінің орналасу тәртібі мен кейбір гендердің орналасу 
ретін анықтауға мүмкіндік береді.
1.3.5 Морфометрия

Морфометриялық әдістерге гистологиялық объектілердің кӛлемдерін 
окуляр-микрометр 
арқылы 
анықтау 
жатады. 
Морфометрия 
үшін 


32 
морфометриялық тор қолданылады, ол торларда нүктелер орналасқан. 
Мысалы, жиі қолданылатын Г.Г.Автандиловтың морфометриялық торында 
екі тӛрт бұрыш (квадрат) болады, оның біреуі ұсақ тӛрт бұрыштарға 
бӛлінген. Олардың әрқайсысында 25 нүкте бар (барлығы 100). Бӛлінбеген 
үлкен тӛрт бұрышта 25 нүкте болады. Морфометриялық тордың кӛмегімен 
гистологиялық объектінің құрылымдарының кӛлемдік үлестерін анықтауға 
болады. Ол үшін торды кездейсоқ бірнеше рет ұлпаның немесе мүшенің 
кесіндісіне түсіріп, әртүрлі құрылымдарға түскен нүктелер саналады. 
Мысалы, дәнекер ұлпасында жасушаларға 10 нүкте, ал жасуша аралық затқа 
90 нүкте түссе, жасуша аралық заттың кӛлемі 90%, ал жасушалар -10% 
құрайды.
Кейінгі кезде күрделі құралдардың кӛмегімен автоматты түрде 
гистологиялық және гистохимиялық зерттеулер жүргізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет