Негіздері


 Гистологиялық қҧрылымдарды сапалық зерттеу



Pdf көрінісі
бет24/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

1.3.4 Гистологиялық қҧрылымдарды сапалық зерттеу 
Гистологиялық сапалық талдау тәсілдерінің ішінде кең тарағаны 
цитохимиялық және гистохимиялық әдістер. Гистохимиялық әдістер 
мұздатылған кесінділерді бояу кезінде жиі қолданылады, бірақ та парафинді 
кесінділерде де пайдалануға болады. Соңғы жылдары гистохимиялық 
тәсілдерді электронды микроскопиялық әдіспен бірге жүргізу, болашағы мол 
жаңа бағыттың — электронды гистохимияның дамуына әкелді. Қазіргі кезде 
сапалық тәсілдермен бірге ұлпалар мен жасушалардағы түрлі заттардың 
мӛлшерін анықтайтын сандық гистохимиялық әдістер қолданылып жүр.
Гистохимия. 
Гистохимиялық әдістерде жасушалар мен ұлпалардың 
әртүрлі химиялық компоненттерін зерттеу үшін химиялық реакциялар 
қолданылады. Қазіргі кезде гистохимиялық әдістердің кӛмегімен 
жасушадағы аминқышқылдарды, белоктарды, майларды, кӛмірсуларды, 
минералдық заттарды және т.б. анықтауға мүмкіндік туды. Гистохимиялық 
реакциялар кезінде қолданған бояулар жасушалардағы зерттелетін химиялық 
қоспалармен бірігіп, оларды ӛздеріне тән түске бояйды. Гистохимияның 


31 
маңызды бӛлімі – ферменттердің гистохимиясы. Оның кӛмегімен кӛптеген 
ферменттердің белсенділігін анықтауға, жасушалар мен ұлпалардағы зат 
алмасу процестерін зерттеуге болады. Гистохимияның бір түрі 
иммуногистохимия (иммуноцитохимия). Иммуногистохимиялық әдістер 
антиген-антиденешік реакцияларына негізделген. Организмнің әрбір 
жасушасының ӛзіне тән антигендік құрамы болады. Қай антиген болсада 
иммунизация арқылы оларға антиденешікті ӛндіруге болады. Ол кейін 
флуорохроммен бірігіп, ӛздеріне тән антигендері бар жасушалармен 
байланысады. Иммуногистохимия әдісі жасушалардың жіктелу сатысы мен
олардың құрамындағы әртүрлі заттарды анықтауға қолданылады. Кейінгі 
кездерде электронды-микроскопиялық цито- және гистохимия мен 
электронды-иммуноцитохимия әдістері кең таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет