34
1.4.1 Клеткаға дейінгі ағзалар
Ондай
ағзаларға вирустар мен фагтар жатады. Олардың денесi нуклеин
қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ) мен оны қоршаған ақуызды қабықшадан
тұрады. Вирустар мен фагтар қоршаған табиғатта кристалдық құрылым
түзiп, тек басқа тірі ағзалардың: микроорганизмдердiң, ӛсiмдiктердiң және
жануарлардың жасушаларына енгенде ғана тірі ағзаларға тән негізгі
қасиеттерді (зат алмасу, кӛбею және т.б.) кӛрсетеді. Яғни олар тiрi және
ӛлi табиғатта аралық орын алады, ӛйткені олар әртүрлі ортада тiрi
ағзаларға және ӛлi объектілерге тән қасиеттер кӛрсетеді.
Клеткалық құрылымы бар ағзалар
прокариоттар мен эукариоттарға
жiктеледi (16 сурет).
Прокариот
Эукариот
16 – сурет.
Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларының
жалпы қҧрылысы
1.4.2
Прокариоттар
Прокариоттарға
жасушасында ядросы қалыптаспаған ағзалар (грекше
‗‘про‗‘-дейiнгi, ‗‘karion‗‘-ядро, ядроға дейiнгi) жатады. Прокариоттар
жасушаларының кӛлемі 0,5–3 мкм, плазмалық мембранасының сыртында
кӛмірсулар мен амин қышқылдарынан тұратын жасуша қабығы бар.
Олардың жасушалары талшықтар арқылы қозғалады, ал талшықтар
қарапайым құрылысты болып келеді. Прокариоттар жасушаларында
қабықшасының жетілген жүйесі бар және мембраналы органоидтар
болмайды. Әдетте жасуша ішілік мембраналы жүйелер плазмалық
мембраналардан дамып отырады. Плазмалық мембрана цитоплазмаға
кӛмкеріліп, түтік тәрізді құрылым –
мезосоманы
түзейді. Онда жиналған
ферменттер АТФ синтезіне қатысады. Прокариоттардың генетикалық
материалы қарапайым құрылысты, гистонды ақуызы жоқ, цитоплазмада
Достарыңызбен бөлісу: