Негіздері



Pdf көрінісі
бет28/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

Нуклеоид
д 
Талшық
Жасуша қабыр
ғ
асы 
Капсула
Рибосома
д 
Жасуша мембранасы
Ядрошық
Рибосома
д 
Ядро
Митохондрия
Эндоплазмалық тор 


35 
бос жататын сақиналы бiр тiзбектi ДНҚ (генофор, нуклеоид) молекуласынан
тұрады. Прокариоттық жасушалар жәй екіге бӛлiну жолымен кӛбейеді. 
Прокариоттарға бактериялар мен кӛк-жасыл балдырлар жатады.
Бактерия жасушаларының мӛлшері кіші, ұзындығы – 1-10 µ (микрон), 
ені 0,2-1 µ құрады. Олардың кӛбісі бір жасушалы, ал кейде бір-бірімен 
бостау байланысқан тізбек тәрізді болып келеді. Бактериялардың тіршілік 
ету ортасы мол, барлық жерлерде кездеседі: атмосферада, гидросферада, 
литосферада және адам, жануарлар, ӛсімдіктер ағзасында. Мысалы, 1 г 
топырақта – 2 млрд дейін, 1 см

сүтте – 1 млн дейін, жаз кезіндегі қала 
ауасының 1 м

– 25 мыңға дейін, қыста – 5 мыңға дейін бактериялар болады. 
Бактерияларды жіктеу барысында олардың морфологиялық белгілеріне 
қарағанда, физиологиялық және биохимиялық қасиеттері басым түседі. 
Сыртқы пішініне қарап бактериялардың келесі түрлерін ажыратады: 
І. Коктар – шар тәрізді; 
ІІ. Таяқша тәрізді;
ІІІ. Спираль тәрізді – иректелген.
І. Кокктар жеке жасушаларының бір-біріне орналасу тәртібіне тәуелді 
келесі топтарға ажыратылады: 
1. микрококтар
- тәртіпсіз орналасқан жеке жасушалар; 
2. диплококтар
- екі коктың бір-бірімен тіркесуі; 
3. стрептококтар
– коктар тіркесіп әртүрлі ұзындықтағы тізбектер
түзеді; 
4. тетракоктар
– тӛрт коктың бір-бірімен тіркесуі; 
5. стафилококтар
– коктар жиынтығының пішіні жүзім жемісіне ұқсас
6. сарциндер
– коктар жиынтығының пішіні қапшыққа ұқсас,
әрқайсысында 8-16 жасуша болады. 
ІІ. Таяқша тәрізді немесе цилиндр пішінді бактериялар қысқа немесе 
ұзын, жуан және жіңішке, түзу және иректелген, соңғы бӛліктері үшкір, тік, 
жұмыр болып келуі мүмкін. Олардың кейбіреуі спора түзейді (бациллалар), 
ал кейбіреуі спора түзбейді (бактериялар). Жасушаларының бір-бірімен 
орналасу тәртібіне тәуелді келесі топтарға ажыратылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет