Негіздері



Pdf көрінісі
бет23/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

Ротациялық микротом. 
Ротациялық микротомның (латын сӛзі 
rotatio
– айналма қозғалыс) пышағы қозғалмайды, ал объект қозғалмалы 
болады (14 сурет). Мұндай микротомнан препараттар үшін жасалған бірқатар 
кесінділердің қалыңдығы тұрақты болады. «РОТМИК-1», LEICA 
фирмасының RM 2135 микротомының аналогы, оны парафинде немесе 
басқа да ортада қатырылған және стандартты кассеталарда немесе блоктарда
дайындалған объектілер үлгілерінен кесінділер алуға қолданады.
Кесінділердің қалыңдығы 0,5 - 60 мкм жетеді. 


29 
 
 
1.3.3 Ультрамикротом 
Ӛте жұқа кесінділер дайындайтын құралды ультрамикротомдар деп 
атайды (15 сурет). Электрондық микроскоп арқылы ӛте жұқа препараттар 
зерттеледі. Препараттағы кесіндінің қалыңдығы 5 нм немесе 10-30 нм аспауы 
тиіс, ӛйткені қалың объектіден электрондар ӛте алмайды. Жұқа кесінділерді 
ультрамикротоммен дайындайды. Эпон – аралдитте қатырылған ұсақ ұлпа 
кесінділері шыныдан жасалған пышақтармен ультрамикротомда кесіледі. 
Кесінділер ӛте жұқа болғандықтан, оларды лупа арқылы кӛруге болады. 
Содан кейін кесінділерді ұсақ арнайы торға бекітіп, ауыр металдардың 
тұздарымен қара түске бояйды. Қара түске боялған кесінділерді электронды 
микроскоп арқылы кӛріп зерттеуге болады.
Жасушаның жалпы морфологиясын оқып - үйрену, зерттеу әдістерінің 
дамуына тығыз байланысты. Гистологиядағы негізгі зерттеу әдісі — 
жасушаларды, ұлпалар мен органдарды микроскоп арқылы зерттеу. Қазіргі 
15 – сурет. 
Ультрамикротом 2265 EM GD 
MB (микроскоппен біріктірілген). 
14 – сурет
.
 
 
Ротациялық микротом 
CUT 4062 


30 
кездің ӛзінде де жарық микроскопы зерттеу құралы ретінде ӛз маңызын 
жойған жоқ.
Бірақ та, тірі материал ӛзінің мӛлдір және жеке жасушаларының қалың 
болуына 
байланысты 
зерттеуге 
қолайсыз. 
Сондықтан 
кӛбінесе 
фиксацияланған (бекітілген) материалмен жұмыс жүргізіледі. Одан жұқа 
кесінділер дайындап, түрлі бояулармен бояйды. Қалындығы 5-10 мкм 
кесіндіні арнайы құрал - микротом арқылы дайындайды. Сапалы бекіткіш 
объектінің тірі күйіндегі құрылымын кӛп ӛзгертпейді. Бекіткіш ұлпаны 
тығыздайды және автолиз процестерін тоқтатады. Кейбір бекіткіш сұйықтар 
белгілі құрылымдардың бояулармен боялу қабілетін арттырады. 
Жиі қолданылатын бекіткіштер: формальдегид, қос хромдық калий 
қышқылы, сірке, пикрин және осмий қышқылдары мен этил спирті. Кӛптеген 
бекіткіш сұйықтардың қоспалары, оларды ұсынған зерттеушілердің 
аттарымен аталған (Буэнің, Карнуаның қоспалары). Бекіткеннен кейін 
объектіні ұлпаға сіңетін ортаға батырады ( целлоидин немесе парафин). Осы 
тығыздаушы заттар жақсы сіңу үшін ұлпадан суды этил спиртінің кӛмегімен 
ығыстырып шығарады, содан кейін ксилолға немесе толуолға салады. Бұл екі 
процесс ұлпаға парафин сіңу үшін алдын-ала жасалады. Жылы сұйық 
парафин ұлпаға сіңіп, қатып калады.
Микротомның кӛмегімен парафин блогынан шыныға бекитін жұқа 
кесінділер дайындалады. Кесінділерден парафинді ксилолдың кӛмегімен 
шығарады. Осыдан кейін кесіндідегі ұлпаларды гематоксилин және 
эозинмен бояйды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет