2.7. Спорттық жаттығулардың құрылымы Спорттық жаттығулардың құрылу негіздері.
Спорттық жаттығулардың құрылымын анықтайтын байланыстар мен қатынастар мәні.
Жаттығу үдерісінің кезеңдерге бөлінуі: спорттық бітім және оның даму заңдылықтары
жайлы түсінік; жарыстар күнтізбесі; маусымдық және климаттық жағдайлар.
Жаттығулар үдерісінің әртүрлі кезеңдерін, сатылары мен буындарын сипаттайтын
құрылымдардың жетілуі (макро-, мезо- және микроқұрылым).
2.8 Спортшы даярлығы – көп жылдық үдеріс Спортпен айналысатын көп жылдық үдерістердің негізгі кезеңдерінің сипаттамасы:
бастапқы (базалық) даярлық, спорттық мүмкіншіліктерді жоғарғы деңгейде іске асыру және
спорттағы ұзақ өмір сүру. Олардың уақыт шегінің көрсеткіші әртүрлі кезеңдегі спорттық
дайындық ерекшеліктерін айқындайтын әлеуметтік және биологиялық факторлар.
Жылдық жаттығу жылдық құрылымының кейбір нұсқалары және оларды спортшыны
даярлаудағы қолдану ерекшеліктері.
2.9. Спортшыны даярлау жүйесіндегі басқару, жоспарлау және бақылау Жоспарлаудың маңызы мен мәні, оның түрлері.
Спортшы даярлығын басқару мен жоспарлау нысандары, объективті негіздемелері мен
түрлері; оның мазмұнын жоспарлау тәсілдері, күтілетін нәтижелерді құру реті.
Спорттық нәтижелерді болжау тәсілдері мен алдын ала жоспарлау, спортшының «үлгі
сипаттамасын» құрастыру және оның көпжылдық жаттығу бағдарламасын жасау.
Жаттықтырушы бақылауы мен спортшының өзін-өзі бақылау объектілері. Спорттық
жаттығудың кешенді бақылауы. Педагогикалық, медициналық, биологиялық, психологиялық
және әлеуметтік бақылау әдістері.
Спортшының спорттық жаттығу үдерісіндегі есепке алу.
Студенттің өзіндік жұмысы Жас спортшының дене, тәсілдік, тактикалық, психикалық даярлығының байланысы.
Таңдап алған мамандық спорт түрінің жаттығу ерекшілігі. Таңдап алған мамандық спорт
турінің оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру ерекшілігі, жынысы мен дайындық деңгейіне
байланысты балалар мен жасөпірімдердің (5-9-11 сынып) дене даярлығы бойынша
Президенттік сынақтан (Президенттік және ұлттық) өткізу.
Жарыстар жүйесінің қызметтері мен оларға қойылатын талаптар.
Спортшының дене, техникалық, тактикалық, психологиялық және зияткерлікті
даярлықтарының бір-бірімен байланысы.
Спорттық
жаттығудағы
шаршаудың,
қалпына
келудің
және
бейімделудің
физиологиялық негіздері.
Спорттық жаттығу заңдылықтарының мәні. Жаттығу үдерісіндегі арнайы
мамандандырылу және жеке даралық қағидаттары арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізуге
бағыттау қағидатын іске асыру.
Спортшының жалпы және арнайы дайындықтарының бірлігі. Жаттығу үдерісінің
үзілмес қағидаты. Максималды жетістіктерге бағыттау және біртіндеп өсу қағидаты.
193
Жаттығу үдерісіндегі циклдық және толқын тәрізді қағидаттары. Спорттық қалыпқа
тұрудағы негізгі әдістемелердің негіздері.